Жаңалық

Алматы облысында талап бұзған медицина мекемелеріне айыппұл салынды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп жазды Алатау арайы порталы.

Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар орындамайды. Сондай-ақ, зертханалық зерттеулер қорытындысында дезинфекциялау-стерилдеу режимінің сақталмайтыны белгілі болды. Заттар, жабдықтар және жұмыс беттерінен зерттеуге алынған 2300 шайындының ішінен 15-і ішек таяқшалары тобының бактериялары мен стафилококтарға оң нәтиже көрсетті. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың стерильденгенін тексеру мақсатында 500-ден астам шайынды зерттелді, олардың 4-еуінің нәтижесі оң болды. Зерттелген 370 ауа сынамасының 17-сі оң нәтиже көрсетті, бұл ауаны зарарсыздандыруға қойылатын талаптардың сақталмағанын растайды. Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау ережелерінің сақталмайтыны зерттелген 120 сынаманың 3-еуінің оң нәтижесі растады.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 25 млн. 892 мың 250 теңге болатын 42 айыппұл салынды, 27 субъектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді, 3 медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1007 медициналық ұйымның арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 54 денсаулық сақтау объектісі (5,4%) анықталды. Оның ішінде ауылдардағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 35 нысан 2023-2024 жылдары құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 9 айында 4 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Медициналық ұйымдардың санитарлық жай-күйі талапқа сай болмаса және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына наразылық туындаған жағдайда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық бөлімшелеріне немесе almobldkgsen@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.

Related Posts

Жаңалық

«Рахат» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруда

AMANAT партиясы Еңбекшіқазақ ауданындық филиалына қарасты «Рахат» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Рахат ауылдық округінің Өрікті ауылында тұратын 9 отбасыға демеушілік көмек есебінен қысқы отын жеткізіп берді. Бастауыш партия
Жаңалық

Биыл Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі

Алматы облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру халық санының өсуі мен медициналық қызмет көлеміне деген қажеттілікті ескере отырып қалыптастырылады. Қаржыландыруды ұлғайту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі де артып келеді. Бұл туралы «Әлеуметтік
Жаңалық

Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

  2024-2025 оқу жылында өңірде 1747 білім беру мекемесі жұмыс істейді, олардың ішінде 473 жалпы білім беретін мектеп, 1161 мектепке дейінгі мекеме, 40 колледж және 33 қосымша білім беру ұйымы
Жаңалық

Алматы облысында мектептердегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

  Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Алматы облысының білім басқармасы бұл бағытта маңызды шараларды қолға алуда. Облыстық тәрбие жұмысы, қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру