Жаңалық

Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

Кездесуде атом электр станциясының жобасы, оның техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік шаралары талқыланды. Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

«Біз атом электр станциясының заманауи технологиялары мен қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін осындай кездесулерді ұйымдастырамыз. Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және халықтың пікірі өте маңызды. Сондықтан, барлықтарыңызды 6 қазанда өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Ерлан Жакупов.

 

Кездесу барысында атом электр станциясының жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде сақталатын қауіпсіздік шаралары егжей-тегжейлі баяндалды. Штаб өкілдері қазіргі заманғы реакторлардың пассивті қауіпсіздік жүйелері мен радиациялық бақылау әдістері туралы мәліметтерді ұсынып, қызметкерлердің қызығушылықтарын қанағаттандырды. Референдумға қатысудың ел болашағы үшін маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында балабақшаларға арналған пилоттық жобасы іске қосылады

Жоба, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында бастау алады деп хабарлайды, Өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облысында халық саны көп болғандықтан мектепке дейінгі тәрбие жасындағы бала саны да басы. Бүгінде аймақта, 1150 мектепке
Жаңалық

Қонаевтағы ескерткіштердің аумағы тазаланды

Елімізде «Киелі мекен» эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев
Жаңалық

Былтыр Алматы облысында 120 дан астам әйел жатыр мойын обырына шалдыққан

Жатыр мойны ісігі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Маманның айтуынша, жатыр мойын ісігі жасарып келеді.Нақтырақ айтсақ, көбіне ісікке шалдыққандардың жас мөлшері 45-50 жастағы әйелдер.Ал қазіргі таңда 15-20
Жаңалық

Тәлімді де тағылымды кездесу өтті

Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еліне еңбегі сіңген белгілі тұлға Куляш Абдезовамен кездесу өтті. Жастарға арналған шара «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында өрбіді. Куляш Нусуповна 1968 жылы Жамбыл қаласындағы гидромелиотивтік-құрылыс