Жаңалық

Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

Алматы облысында бәсекелестікті арттыру үшін тауар нарықтарына ауқымды талдаулар жүргізілуде. Жыл басынан монополияға қарсы орган заң бұзушылықтарды анықтауға және оларды жоюға баса назар аударды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дәулет Қуатұлы баяндады.

Жыл басынан 11 нарыққа талдау жасалып, мектепке дейінгі білім беру, интернет және байланыс қызметтері, сұйытылған мұнай газы сияқты салаларда үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілер анықталды. Бұл шаралар нарықтық тәртіпті қалпына келтіріп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды көздейді.

“Біздің мақсатымыз – әділ бәсекелестікті орнату. Үстем жағдайды теріс пайдаланатын субъектілерге қатаң шаралар қабылдап жатырмыз. Бәсекелестік болмаса, тұтынушылар да, кәсіпкерлер де зардап шегеді”, – деп мәлімдеді Дәулет Қуатұлы.

Сонымен қатар, департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге қатысты 6 өтінішті қарады. Оның 2-уі мақұлданып, 4 өтініш бәсекелестікті шектеу қаупіне байланысты қабылданбады.

Айта кетерлігі, «Алтын Орда» көтерме базарына қатысты 123 млн теңге көлемінде монополиялық кіріс тәркіленіп, айыппұлдар салынды. Бұл аймақтық нарықтағы ең ірі бұзушылықтардың бірі болды.

Алдағы уақытта да Алматы облысының бәсекелестік нарығын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. Нарықтағы заңсыздықтарды жою жұмыстары жалғаса береді, деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта жыл басынан мыңнан аса бала дүниеге келген

Қонаев қаласында демографиялық өсім жоғарылап келеді. Жыл басынан өңір орталығында 9 егіз туыпты.  Бақанастық Гауһар Нүсіпбай төртінші баласын құшағына алған ананың бірі. Төрт баланың үшеуі кесір тілігімен алынған екен. 28
Жаңалық

Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

Елімізде IT мамандарына сұраныс артуда. Сол себепті өңірдегі цифрлық технологиялар басқармасы IT қауымдастықты дамытуға ден қойған. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай мен
Жаңалық

Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы