Жетісу облысыМедицина

15 қыркүйекте бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

Елімізде  жылда күз келгенде жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау өршиді. 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 259 111 жағдайы тіркелген, оның ішінде зертханалық жолмен анықталған тұмау жұқпасының 129 жағдайы анықталды.

Осыған орай дәрігерлер тұмау жұқпасының алдын алудың ең тиімді шарасы тұрғындарды иммундаумен қамту екенін мәлімдеді.

Биыл  облыс бойынша тұмауға қарсы вакцина 15 қыркүйекте басталады. Ол  үшін  82 500 доза  жергілікті бюджет есебінен сатып алынды. Эпидмаусымда тұмауға қарсы Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасымен иммундау жүргізіледі. Аталған  вакцина республика, соның ішінде облыс бойынша 9 жылдан астам уақыт қолданылуда.

Иммундау міндетті түрде дәрігердің тексеріп қарап, денсаулық жағдайы бағаланғаннан және екпеге рұқсат берілгеннен кейін арнайы егу кабинетінде жүргізіледі.

Related Posts

Жетісу облысы

«Айсұлудың» қыздары-ай!

«Айсұлу» тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді. Талдықорғандағы №402 референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер
Жетісу облысы

Жетісу қыздары 2024 жылдың қыркүйегінде адам папилломавирусына қарсы егіле бастайды

Жатыр мойны обырының дамуына адамның папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы  - вакцинация. Сондықтан биыл қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе
Жетісу облысы

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Күнделікті отбасылық қарбаластарға қарамастан  көпбалалы аналар  жақын маңдағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. – Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік
Жетісу облысы

Абайлаңыз, жұқа мұз! Жетісу облысының су қоймаларындағы қауіпсіздік

Өңір өлкелерінде түрлі рекреациялық мүмкіндіктер беретін Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларын қосқанда 43-тен астам ірі ашық су қоймалары бар. Аңшылық, қысқы балық аулау маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары полицияның,