Жаңалық

Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

 

Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасы 13,2 млрд теңгеге тең төленбеген алғашқы тіркеу жағдайларын анықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан Ахметов мәлімдеді.

“Мемлекеттік кірістер департаменті шетелден әкелінген автокөліктердің алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік бажсыз тіркелген көптеген фактілерін анықтады. Сондай-ақ, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлердің бажсыз берілу жағдайлары да тіркелді. 2018-2021 жылдар аралығында 13,2 млрд теңге көлемінде 2 228 автокөліктің алғашқы тіркеуі кезінде баж төленбеген”,– деп атап өтті Еркебұлан Ахметов.

Сонымен қатар, 77 мемлекеттік нөмірдің мемлекеттік бажсыз берілуі анықталып, бюджетке 36,7 млн теңге шығын келтірілген.

“Қазіргі уақытта әкімшілік полиция осы қызметтерді заңсыз алған тұлғалардан баждарды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуде” , – деді Еркебұлан Ахметов.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отардың айтуынша, биылғы жылдың 5 қыркүйегіне дейін 505 салық төлеушіден жалпы сомасы 698 теңге өндірілген. Оның ішінде 45 млн теңгесі мемлекеттік баж ретінде 228 салық төлеушіден жиналса, ал 653 млн теңге көлеміндегі төлемдер 277 салық төлеушіден өндірілген.

Related Posts

Жаңалық

Назар аударыңыз, сібір жарасы!

Сібір жарасы ошақтық жұқпа болғандықтан, аурудың бұрқ ету жағдайлары республика көлемінде жыл сайын тіркеліп отырады. Өңірде соңғы рет сібір жарасының 3 жағдайы Кербұлақ ауданында 2016 жылы анықталған, адам өлімі болған
Жаңалық

Алматы облысындағы астық науқаны: өзгерістер легі мен молшылыққа деген үміт Жаңа технологиялар — мол өнімнің кепілі: Алматы облысындағы астық науқаны

Алматы облысы биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлеміндегі өзгерістерге қарамастан, астықты мол жинауға дайын. Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 419,5 мың гектар жерді алып жатыр.
Жаңалық

Информационное сообщение по размещению агитационных материалов для кандидатов в акимы Балхашского района

Общие условия предоставления ИП «ALATAU MEDIA» интернет площадей на сайте www.alatau24.kz кандидатам на выборы в акимы Балхашского района. ИП «ALATAU MEDIA»  — собственник сайта www.alatau24.kz (далее – Сайт) в соответствии с