Медицина

Педикулез және оның алдын алу

Күз келіп, балалардың барлығы ұйымдасқан мекемелерге (мектеп, балабақша, жатақхана) жиналған кезде тығыз қарым-қатынас салдарынан жұқпалы және паразитарлық аурулардың көбейеді. Солардың бірі – педикулез. Ол адам денесінде биттердің арнайы паразиттік тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз.

Педикулез – әлеуметтік маңызы бар, кең таралған жұқпалы ауру. Педикулез әлеуметтік жағдайы жақсы, жеке бас тазалығына көңіл бөлетін адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Битті жұқтыру қарым-қатынас кезінде болады, яғни, бит бір адамнан екіншісіне, биттеген адаммен қарым-қатынас кезінде:

  • ұжымда,
  • балалар мекемесінде,
  • қарапайым жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, яғни, киім-кешек пен төсек орындарын, тарақты ортақ пайдаланған жағдайда беріледі.

Облыс бойынша 2024 жылдың 8 айында педикулездың 117 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 47 (40%). Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 23% төмендеді.

«Педикулез анықталған кезде барлық қарым-қатынастағылар (отбасы, ұйымдасқан мекеме) тексеріліп, педикулезге қарсы препараттармен бастарын нұсқаулыққа сәйкес өңдеуі қажет. Айта кетерлігі препараттар (шампунь, гель, аэрозоль) тек дәріханадан алынғаны дұрыс, себебі олардың қауіпсіздігін кепілдендіретін арнайы құжаттары болуы тиіс. Аллергиядан және басқа көтере алмайтын әсерлерден сақтану үшін алдымен дәрігерден кеңес алып, емделу керек. Төсек жабдықтарын, сырқаттанған адамның киімдерін басқа адамдардың киімінен бөлек, жоғары температурадағы ыстық сумен жуу және үтіктеу қажет. Балада бит табылса, бұл жағдайды балабақшаның немесе мектептің медициналық қызметкеріне айту қажет, себебі балаңыз басқа балалардан қайтадан бит жұқтырып алуы мүмкін», — дейді Жетісу СЭБД Индира Кунбасова.

Педикулездің алдын алу үшін балаларға жеке бас гигиенасын үйрету қажет:

  • бөтен тарақ; шашқа тағатын бұйымдар қолданбау;
  • өзгенің бас киімін кимеу;
  • секция, бассейн, мектептегі сырт киім шешетін орындарда бас киімді, шарфты, киімдерді жеке пакетке салу;
  • селфи-суретке топтап түсу кезінде биттердің жүғатыны туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында халықты иммундау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі. Айта кетерлігі, облысқа АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы түсімі қыркүйек айына жоспарланды. Иммундаудың маңыздылығы туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз
Жетісу облысы

Жетісу облысында адам папиллома вирусына қарсы екпе жүріп жатыр

Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрінен қорғауға бағытталған. Осындай мәліметпен Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті. Қазіргі уақытта өңірге вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы
Қоғам

Жетісу облысында қызылшамен ауырған тұрғындардың 85 пайызы екпе алмаған

Облыста бұл дертке қатысты тұрақсыз жағдайға қарамастан, екпеден бас тартушылардың саны жыл санап артып келеді. 2020 жылы 285 тұрғын ауруға қарсы екпе салдырмаса, биыл 10 айда бұл көрсеткіш 496-ға жеткен.
Медицина

Сақ болыңыз, көкжөтел!

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы