Жаңалық

Алматы облысында «Ауыл олимпиадасы» басталды

Алматы облысында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға арналған «Ауыл олимпиадасы» бастау алды.
Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл білім бәйгесі ауыл мектептерінде оқитын балаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.

«Бұл олимпиада ауылдық жерлердегі дарынды балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер ұсынып, олардың болашақтағы жетістіктеріне жол ашады. Жеңімпаздар еліміздің үздік мектептерінде білім алуға жолдама, сондай-ақ жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алуға мүмкіндік алады. Бұл жоба ауыл мен қала арасындағы білім беру деңгейіндегі алшақтықты жоюға бағытталған», – деді «Жас дарын» облыстық ғылыми-практикалық орталығының директоры Диана Тетенқызы.

Спикердің айтуынша, өткен жылы Алматы облысынан 8685 оқушы олимпиадаға қатысып, олардың 1240-ы облыстық кезеңге өткен. Нәтижесінде 414 оқушы жеңімпаз атанып, 60-ы республикалық кезеңге жолдама алған. Жаратылыстану-математикалық бағытта 17 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 6 оқушы жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алған.

Биылғы жылы олимпиадаға қатысу үшін 15525 оқушы тіркелген, және алғашқы кезең 25 қыркүйекте онлайн форматта басталды. Қатысушылар өз мектептерінде интернет арқылы тест тапсырып, білімдерін сынауда. Екінші кезең қазан айының соңына дейін, ал үшінші кезең қараша айында облыстық деңгейде өтеді. Соңғы, төртінші кезең республикалық деңгейде 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында өтеді деп жоспарлануда.

«Ауыл олимпиадасы» төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн форматта, ал келесі кезеңдер өңірлік және республикалық деңгейде офлайн өткізіледі. Олимпиада барысында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша сайыстар өтеді.

Қатысушылардың олимпиадаға дайындалуына көмек ретінде auyl.daryn.kz сайтында өткен жылдардың тест тапсырмалары қолжетімді. Сонымен қатар, олимпиада туралы толық ақпарат алу үшін call-орталық жұмыс істейді.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады. Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім
Жаңалық

«Ақыл, білім – кітапта»: Алматының кітапханаларында тренинг өтті

Сәуірдің 23 жұлдызы – күллі ғаламның кітапсүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке. Дәл осы дата 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген. Осы
Жаңалық

Алматы облысында күдіктілерден 6,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақша тәркіленді

Алматы облысының қаржылық мониторинг департаменті жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізгені анықталды. Жалған ақшаны кезекті
Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 102 өрт оқиғасы тіркелді

Облыс аумағында жылыту маусымы басталғанан тұрғын үй секторында өрттің саны едәуір артады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко айтты. «Жылыту маусымы кезінде 102