Жетісу облысы

Жаркенттік Жақыбаевтар әулеті дауыс берді

Мәуелі бәйтеректей жайқалған Жақыбаевтар әулетінен 33 адам бір мезетте Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы № 326 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Бұл әулет жазиралы Жаркентте туып, өсіп-өніп, ұрпағын өрбітіп отыр. Дауыс беру учаскесіне балаларымен бірге келген 85 жастағы Азия Жақыбаева:
– Ұрпағының жарқын болашағын қалайтын әр адам сайлауға зор үмітпен келеді. Біз де әулетімізбен бірге келіп, таңдауымызды жасап тұрмыз. Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей жұмылуымыз керек, – дейді.
9 бала, 36 немере, 69 шөбере сүйіп отырған ана әр адам қабылдаған шешім мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер ететінін айтып, жұртшылықты дауыс беруге шақырды.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 415 қызметкердің құқығы қорғалды

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің жазбаша өтініштері негізінде 25 тексеру жүргізіп, 28 заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы бойынша
Жетісу облысы

Жетісу облысының тұтынушыларына 12 миллионға жуық теңге қайтарылды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының 544 тұтынушысы өз құқықтарын қорғауға жүгінді. ҚР Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Жетісу облысы бойынша сауда және интеграция министрлігінің басшысы Айдос Дауешовтың
Жетісу облысы

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды
Жетісу облысы

Талдықорғанда Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекова өз таңдауын жасады

Бүгін мәдениет саласының майталманы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы Алмахан Нұрпейісқызы № 420 дауыс беру учаскесіне келді. Алмахан Нұрпейісқызы өмірде де, өнерде