Жетісу облысыҚоғам

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады.

Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

«Еліміздің өсіп-өркендеу жолындағы маңызы зор таңдау болғандықтан, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып жүрген әжелер ансамблі қолдау танытайық, жастарға батамызды берейік, мерекелік көңіл-күй сыйлайық деп дауыс беру учаскелерін аралап жүрміз. Өзіміз де елімізге, жерімізге жанашыр азамат ретінде даусымызды бердік. Халықтың көңіл-күйі тамаша. Жерлестерімнің азаматтық белсенділік танытып, мемлекетіміздің келешегі үшін үлестерін қосып жатқанына ризамын», – деді «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын  Бектұрова.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында  «Борышкер-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Наурыз айының 27 мен 29 аралығында Жетісу облысының Полиция департаменті жеке сот орындаушылармен бірлесіп, «Борышкер-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Рейд барысында көлік салығы мен алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға шара қолданылады.
Қоғам

Алматы облысында балалардың көбі қысым көргенде не істеу керегін білмейді

Қонаевта сауалнама жүргізген AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты осындай дерек жариялаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар мен жасөспірімдер арасында қоғамдық
Жетісу облысы

Қызылша. ЖРВИ. Ковид. Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталды. Облыстың бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев осылай деп мәлімдеді. Егер өткен жылдың желтоқсан айында сырқаттанушылық 218 жағдай болса, биылғы жылы қаңтар айында 156-ға дейін
Жетісу облысы

Жетісу өңірінде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынбақ

Жетісу облысында экологиялық жоба аясында өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін анықтап, шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың бірқатарымен Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева және облыстық