Жетісу облысы

Жетісу өңірінде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынбақ

Жетісу облысында экологиялық жоба аясында өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін анықтап, шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың бірқатарымен Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева және облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев таныстырды. 

Спикерлердің айтуынша, жобаға алты жаттықтырушы, жетекші және ғалымдар, журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, эко-белсенділер қатысты.

«40-тан астам кездесулер өткізіліп, Алакөл және Балқаш көлдерінде 300-ден астам адамның қатысуымен екі форум ұйымдастырылды. Шараларда экологиялық заңнама, эковолонтерлік және мәселелерді шешу механизмдері талқыланды», — деп мәлімдеді Әлия Қасымханқызы.

Сондай-ақ жоба аясында өңірдің 8 ауданы мен 2 қаласында семинарлар өткізіліп, онда егіншілік, жасыл желектерді күту және жергілікті билік өкілдерімен өзара әрекеттесу мәселелері көтерілді. 306,5 гектар аумақты қамтитын саябақтар, скверлер мен аллеялардың жағдайы талданды. Суару, өсімдіктерге күтім жасау және мамандардың жетіспеушілігі секілді жасыл аймақтардың жағдайын нашарлататын өзекті мәселелер анықталды.

Жобаны іске асыру аясында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеп жүрген тұрғындарды ынталандыру мақсатында 10 номинациядан тұратын «Таза істер марафоны» байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға шағын гранттар мен алғыс хаттар табысталады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында жастарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жоспарлануда

1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың  және Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Жобаның негізгі  мақсаты – жас басқарушы тұлғаларды қалыптастыру және өңірлерді дамытуға таланттарды тарту. Осындай ақпаратпен
Жетісу облысы

2023 жылы Жетісу облысында 800-ден астам тұрғынды қаңғыбас ит қапқан

Жетісу өңірінде қаңғыбас иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-шағымдары жазылған жазбалар қарқын алуда. Тұрғындардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Қандай шаралар қабылдау қажет? Жетісу
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Жетісу облысы

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аяқталуына бір ай қалды

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады. Яғни, кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары осы уақыт аралығына дейін ел аумағындағы және шетелдегі активтері жөнінде дерек ұсынуы тиіс. Жалпы