Жетісу облысы

Жетісудағы фермерлерге жаңа қолдау шаралары ұсынылды

Жетісу облысында 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Фермерлердің жетістігіне қарамастан, олардың жыл сайынғы өнімі қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты біршама келеңсіздік тудыруда. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға қолдау және ілгерілету үшін «KazakhExport» операторы арқылы қаржылық қолдау бағдарламаларымен қатар түрлі мемлекеттік жобалар жұмыс істейді. Осыған байланысты қазіргі уақытта фермерлердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасы іске асуда.

«Әділдік және Өркендеу» қорының мамандары өңірдің аграрлық секторына талдау жасап, келесі шараларды ұсынды:

  1. Тұқым қорын жетілдіру және ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасын жақсарту.
  2. Көкөніс, жеміс және бақша дақылдарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу.
  3. Облыстағы маусымдық көкөністер мен жемістердің стихиялық сауда орындарына талдау жүргізу және ұйымдастырылған маусымдық саудаға жағдай жасау.
  4. Белгілі бір жерде ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға жер учаскелерін бөлу.
  5. Мемлекеттік қолдау көрсетудің бірыңғай цифрлық жүйесін құру және фермерлерді бизнесті ашық жүргізуге, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің құқықтарын сақтауға ынталандыру.
  6. Суару каналдары мен су қоймалары сияқты су шаруашылығы объектілері үшін жобаларды әзірлеу кезінде құзыретті мамандарды тарту және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Ұсынылған шаралар аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға және өңірде ауыл шаруашылығы бизнесін жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында биыл балаларға арналған жаңа сауықтыру лагерлері ашылады

Биыл жазғы маусымда Жетісу облысы бойынша 9 маусымдық, 1 киіз үйлік балаларды сауықтыру лагерлерін іске қосу жоспарлануда. Олардың арасында Алакөл ауданындағы «Шағала» және «Жалын», Ақсу ауданындағы «Тамшыбұлақ», Ескелді ауданындағы «Көктөбе»,
Жетісу облысы

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Бұл қадам заңды тұлғалар басшыларына, құрылтайшыларына, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының қаржылық жағдайы туралы ақпараттың ашықтығы мен
Жетісу облысы

Жетісу оқушыларына «Мектепке жол» акциясында  80 млн теңгеге жуық көмек көрсетілді

2024 жылғы 1  тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету мақсатында оқу жылының басына дайындық кезеңінде «Мектепке жол» республикалық
Жетісу облысы

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа білімгерлерді күтеді

Жетісу облысы Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Назарбаев зияткерлік мектебі оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек пен аталған мектептің 10 сынып оқушысы Ділназ Бурахан келіп, жаңа оқу жылына арналған білім беру