Жаңалық

1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  «Welcome to Zhetysu university» атты 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Алғаш рет заманауи форматтағв студенттер қатарына қабылдау кеші ашық алаңда тойланды.Алаңда Республикалық концерт өткізетін сахна тігілді.

Шараға Жетісу облысы мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева  қатысып, университет табалдырығын аттаған студенттердің білім жолына сәттілік тіледі.

Университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев  жас білімгерлерді құттықтап, студенттік билет табыс етті.

«Студенттік шақ – адам өмірінің ең қызықты да ұмытылмас кезеңі. Әр күндеріңіз сапалы білім мен жарқын естеліктерге толы болсын!», – деді  Болат Абдұлдаұлы.

1 курс студенттері  Айару Жетпісбай мен Нұрсұлтан Тоқтасын ортаға шығып, «студенттік ант» қабылдады. Салтанатты шараны облыстық филармония әншілері әнмен әрлеп, өнерпаздар бимен көркемдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Іс-шара соңы мерекелік от шашуға ұласты.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы
Жаңалық

Жастарға жалға беру үшін 10 мыңға жуық пәтер сатып алынады

Республикалық маңызы бар қалаларда жастарға 3 мың жалдамалы пәтер сатып алу үшін 32,3 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрді бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған. «Жастар жылының
Жаңалық

Alatau Hub: Алматы облысындағы IT саласының дамуындағы жаңа кезең

2024 жылдың 15 мамырында Алматы облысының әкімшілік орталығы – Қонаев қаласында «Alatau Hub» өңірлік инновациялық орталығы ресми түрде іске қосылды. Хабтың ашылуы аясында еліміздегі ірі IT-компаниялардың көрмесі ұйымдастырылып, өңірдегі үздік
Жаңалық

Қарасай ауданында Оңтүстік Кореяның «KT&G» компаниясы зауыт салып жатыр

Іле Алатауының баурайындағы әсем өлкеде қазір 336 мыңға жуық халық тұрады. Қарасай ауданы тарихи тамыры терең өңір. Алматы облысындағы ірі ауданның қазіргі дамуы қарқынды. Мысалы, аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтыр