Жаңалық

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады.

Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім мен жастар көмекке келген. Күн сайын орталыққа 5-10 жасөспірім әртүрлі мәселелермен келеді, олардың басты сұраныстары – ата-аналармен, құрбылармен қарым-қатынас, мамандық таңдау, сондай-ақ алаңдаушылықтар мен қорқыныштар. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдерге уақытында қолдау көрсету олардың болашақ өміріне деген сенімін нығайтады.

Орталық жасөспірімдерге психологиялық кеңес беруден бастап, суицидтің, ерте жүктіліктің, АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шараларын қамтитын кешенді бағдарламаларды іске асырады.

«Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы ерекше назарда. Ұлдар мен қыздарға арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, олардың жыныстық денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ, алкоголь, темекі және есірткі секілді зиянды заттарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде», – деді Диана Ришатовна.

Биылғы жылы Қонаев қаласында жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайы тіркелмеген. Өткен жылы орын алған екі жағдай бойынша орталық мамандары уақтылы көмек көрсетіп, жастардың денсаулығын қалпына келтіруге қолдау білдірген.

Жастар денсаулық орталығы қазір қаладағы жасөспірімдер мен олардың ата-аналары үшін сенімді орталыққа айналған. Мұнда кәсіби мамандардың қамқорлығымен әр жасөспірім өз мәселелерін шешуге мүмкіндік алып, болашаққа сеніммен қарауға үйренеді деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Алматы облысының орталығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда. Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды.
Жаңалық

Жетісу облысында Отбасы банк жеңілдетілген кредит беру бойынша өтінімдерді қабылдау туралы жариялады

Оtbasybank.kz порталында Жетісу облысының тұрғындары үшін жеңілдікпен кредит беруге өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылады. Өтінімдер 2023 жылғы 16-31 қазан
Жаңалық

Архивтегі революция: Алматы облыстық әмбебап кітапханасы жаңа кітап қорымен толықты

Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ облыстық әмбебап кітапханаға 400 данаға тарта кітапты тарту етті. Кітапхана қорын толықтырған бұл жазбалар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия
Жаңалық

Алматы облысы: Оқу жылы қалай кортындыланды?

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мұхамажанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде демалысы туралы баяндады. Осы