Қоғам

Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Оның ішінде 76,6%-ы тұрақты жұмыс орындары.

Жыл басынан бері өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарына 62 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Бұл туралы Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Әдиахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл 66 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, оның 76,6%-ы тұрақты жұмыс орындары болмақ. Қазіргі уақытта облыста 52,5 мың жұмыс орны ашылған, оның 39,7 мыңы тұрақты жұмыс орындарына жатады. Сондай-ақ, субсидияланатын жұмыс орындарына 11,8 мың адам орналастырылған.

“Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген азаматтардың қатарында жастар тәжірибесінен өткен 971 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқан 8 153 адам және әлеуметтік жұмыс орындарында еңбек еткен 601 адам бар. Сонымен қатар, ‘Күміс жас’ жобасы арқылы 1 442 азамат жұмысқа орналастырылды,” – деді Әдиахметов.

Облыста қысқа мерзімді курстар арқылы 624 жұмыссыз азамат кәсіби дағдыларын жетілдірді. Ал «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 2,9 мың адам оқытылып, олардың 260-ы әлеуметтік осал топтардың өкілдері болды. Бағдарлама нәтижесінде 400 АЕК көлеміндегі грантты иеленген азаматтар өз кәсіптерін бастау мүмкіндігіне ие болды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жыл басынан бері 69 жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 980 жұмыс беруші 9 065 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар, 279 азамат, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 54 адам мен пробация қызметінде есепте тұрған 225 адам жұмыспен қамту шараларына жүгінді. Нәтижесінде, 224 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 17 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Айта кету керек, мүгедектігі бар азаматтарға да ерекше көңіл бөлінуде. Облыста 97 кәсіпорынға 166 жұмыс орнына квота белгіленген. Жыл басынан бері 1 143 мүгедектігі бар азаматтың 487-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Related Posts

Қоғам

Алматы облысының кардиохирургтары жүрек талмасы бар науқасқа ота жасады

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы болып табылады. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқстар көп. Солардың ішінде Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны
Жетісу облысы

TEMIRADAM атанған Бақытжан Бектенов өз таңдауын жасады

Бақытжан Байтайұлының Бектенов Қазақстанның TEMIRADAM атағының иегері Қарабұлақ ауылындағы №119 дауыс беру учаскесіне келіп өз тандауын жасады. «Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің
Жетісу облысы

Күзде қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынбақ

Елімізде 11 жасар қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина егу жұмыстары жоспарлануда. Екпені ата-ананың жазбаша келісімімен 2024 жылдың күзінен бастап Қазақстан Республикасының мектептерінде немесе тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша толығымен тегін
Қоғам

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын