Жаңалық

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы
“Заңғар-2024”жастар сыйлығына өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстың дамуына үлес қосып, өз саласында озық шыққан жастарды марапаттау мақсатындағы бұл байқау жас буынға зор қолдау көрсетуді көздейді.

«Заңғар-2024» сыйлығына қатысуға өңірдің кез келген 14-35 жас аралығындағы белсенді жастары шақырылады. Байқау әртүрлі салаларды қамтып, үздік мемлекеттік қызметкер, дәрігер, ұстаз, спортшы, журналист, кәсіпкер, өнерпаз, волонтер, жастар ісінің әдіскер-нұсқаушысы және кәсіби маман секілді аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Әр аталым бойынша талаптар қатал, үміткерлердің кәсіби жетістіктері, қоғамдық қызметке қатысуы, сондай-ақ өңірге қосқан нақты үлесі жан-жақты бағаланады.

«Ең үздік атанған жастар облыс әкімінің қолынан дипломдар мен ақшалай сыйақы алады. Бұл сыйлық – жастарды қолдап, олардың қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған маңызды шара», -деді Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев.

Өтінімдер 13 қарашадан 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Қатысушылардан барлық қажетті құжаттарды толық жинақтап, кәсіби портфолио ұсыну талап етіледі. Байқау қорытындысында қазылар алқасы үміткерлердің жұмыс тәжірибесі мен әлеуметтік маңызы бар үлестерін сараптап, үздіктерді анықтайды.

Айта кетейік, Алматы облысының «Заңғар» сыйлығы екі жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Байқау ережелерін толығырақ @almobl_jastary парақшасынан білуге болады.

Related Posts

Жаңалық

Органикалық өнім және артықшылықтары

Бүгінде «эко», «био», «органикалық» сияқты көптеген атаулары бар саламатты өмір салтының өнімдері сұранысқа ие. Ең алдымен, органикалық өнімнің не екенін және оны өндіруге қандай талаптар қойылатынын талдайық. Қазақстан Республикасының аумағында
Жаңалық

Қор міндеттерінің бірі — пациенттермен кері байланысты бақылау

Бүгін «Аlatau24.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.   -Тілеухан Шілдебайұлы,
Жаңалық

Туберкулез және оның алдын алу

Әлем халқының төрттен бір бөлігі туберкулез микобактериясын жұқтырған.  Емдеу жолы мен дәрісі болса да әлемде жыл сайын туберкелезден миллионнан астам адам көз жұмып жатыр. Жетісу облысында 2023 жылы туберкулездің 268
Жаңалық

Шала туған нәрестелерді емдеуге арналған құрылғылар табысталды

"A-Class Medical" ЖШС Басқарушы компаниясы инвестиция жоспарына сәйкес, инвесторлардың қаражаты есебінен жаңа туған нәрестелерді емдейтін Интенсивті терапия палатасына (ИТП) неонатальды желдеткіш сатып алды. Осылайша, Талғар перзентханасының дәрігерлері енді бұл жабдықты