Жаңалық

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

 

Бұл туралы «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Сондай-ақ, олар Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған онкүндік профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді.

Мамандардың айтуынша, антиретровирустық терапияның (АРТ) негізгі мақсаты – вирустың қан құрамында азаюын қамтамасыз етіп, иммундық жүйені қалпына келтіру.

“АРТ-тың тиімділігі адамдарға қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Вирус жүктемесінің анықталмауы олардың жақындарына қауіп төндірмейтінін көрсетеді,” – дейді орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ляззат Абдукаримова.

Жыл басынан бері облыста АИТВ инфекциясының 247 жаңа жағдайы тіркелген. Жұқтырудың негізгі жолы – жыныстық қатынас, ал ең көп таралуы 30-49 жас аралығындағы азаматтар арасында байқалады. Қазіргі таңда облыста 2 536 адам диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 2 435 адам антиретровирустық терапия қабылдап жатыр, емдеудің тиімділігі 91%-ды құрайды.

“АРТ-ты қабылдайтын науқастардың вирус жүктемесі анықталмайды. Соның арқасында соңғы екі жылда анадан балаға АИТВ жұғу жағдайлары тіркелмеді,” – деп атап өтті орталықтың емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Светлана Мельман.

Сонымен қатар, Алматы мен Қонаев қалаларында ашылған Достық кабинеттері ерекше маңызға ие. Бұл кабинеттерде негізгі топтар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу жүргізіледі. Жыл басынан бері бұл кабинеттерге шамамен 1 000 адам жүгінген.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облыста бірқатар шаралар өтеді. Қараша айының соңына дейін Қонаев, Талғар, Іле аудандарында ашық есік күндері, мектептер мен колледждерде білім беру шаралары, сондай-ақ волейбол турнирлері мен мәдени флешмобтар ұйымдастырылады.

АИТВ тестілеуін қайда өтуге болады?
АИТВ туралы көбірек білу және тегін тест тапсыру үшін облыстың келесі мекемелеріне жүгінуге болады:
Қонаев қаласы: 20 қараша, қалалық емханаларда ашық есік күндері өтеді;
іле ауданы: 29 қарашада аудандық медициналық ұйымдарда;
Талғар ауданы: 21 қараша, медициналық орталықтар мен серіктес ұйымдарда;
Еңбекшіқазақ ауданы: 25 қараша, колледждер мен арнайы ашық іс-шараларда.Сонымен қатар, АИТВ тестілеуін Алматы мен Қонаев қалаларындағы Достық кабинеттерінде өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі.

Related Posts

Жаңалық

Студенттерге МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Әрбір пациенттің шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе
Жаңалық

Алматы облысында 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды

  Облыста 500 мыңға жуық отбасының ақпараты цифрлық картаға енгізіліп,30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Жаңалық

МӘМС төлемі 2️024 жылы қандай мөлшерде болады?

МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады. Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% -
Жаңалық

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Алматы облысы мәслихатының 32 депутаты толық қатысып, бірауыздан дауыс беруімен Қуат Сұлтанұлы Байғожаев Алматы облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды. Қуат Сұлтанұлы 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы Абай