Жаңалық

Алматы облысында 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды

 

Облыста 500 мыңға жуық отбасының ақпараты цифрлық картаға енгізіліп,30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметованың айтуынша,цифрлық карта арқылы халықтың әлеуметтік мәртебесі мен әл-ауқатының деңгейі анықталады, бүгінгі күні картаны толықтыру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сонымен қатар, спикер өңірдегі ауқымды мәселелердің бірі – жұмыспен қамту туралы сөз етті.
Атап айтқанда, облыс бойынша 29,1 мың жаңа жұмыс орны құрылып, оның 66%-ы тұрақты жұмыс орындары ретінде бекітілді. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрақты жұмыс орындарын құру бағытында маңызды жұмыстар жасалғанын көрсетеді.
Мәселен, жұмыспен қамту органдарына 43 мың адам жүгінген болса, олардың 30 мыңы жұмыссыз мәртебесін алды. Сонымен қатар, 9 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты, ал ұлттық жобалар аясында 509 адам жұмысқа қабылданды.
Бұдан бөлек, арнаулы әлеуметтік қолдаудың аясында 5 531 отбасы немесе 31 068 адам жәрдем алып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 9 968 балаға қосымша әлеуметтік төлемдер төленді.

“Әлеуметтік осал топтарға жататын 41,7 мың азаматқа, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, қайырымдылық көмек көрсетілді.Облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 мекеме, оның ішінде 7 мекеме стационарлық жағдайда жұмыс істейді.
Жалпы, облыста 42 236 мүгедектігі бар азамат тіркелсе,
олардың 79%-ы қажетті техникалық құралдармен, санаторлық-курорттық еммен, жеке көмекшімен қамтылды”-,дейді Айгүл Матанқызы.

Related Posts

Жаңалық

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласы және Алматы облысы тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуы үшін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ (магниттік-резонанстық томография) қолданысқа берілді. Енді науқастар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған мәртебесі болса, МРТ
Жаңалық

Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

Алматы облысында білім беру жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай жаңғырып, ұстаздарға жасалған қолдау шаралары білім сапасының артуына ықпал етіп келеді. Мұғалімдер күніне орай өткен баспасөз конференциясында Алматы облыстық әдістемелік орталығының директоры
Жаңалық

Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

  Алматы облысы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы ел экономикасының жетекші күштерінің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Биылғы аграрлық маусымда егістік алқаптарының көлемі азайғанымен, өнімділік рекордтық деңгейге жетіп, жаңа технологиялар мен
Жаңалық

Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

  Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Гаухар Абылқасымова және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Данияр Өмірбеков мәлімдеді. Өңіріміз өндірісі дамыған аймақ, алайда өнеркәсіптерден шығатын