Қоғам

Заречный мен Арна тұрғындары негізсіз қауіптеніп отыр – Қонаев қаласының әкімі

Шаһар басшысы Нұрлан Құматаевтың айтуынша, Заречный ауылдық округінің (Заречный, Арна ауылдары) 9757 гектар жері «G4 city» жобасының құрамына енуіне байланысты тұрғындар негізсіз қауіптеніп отыр. Ол аталған өзгерістің халықтың тұрмыс-тіршілігіне еш әсер етпейтінін атап өтті. Себебі, тұрғындар қазіргі әлеуметтік және әкімшілік орталықта қызмет алатын болады.

«Мұндай өзгерістер «G4 city» жобасының жүзеге асуы үшін жасалып отыр. Біз ауылдық округ тұрғындарына әлеуметтік және әкімшілік қызметтер көрсетуді ары қарай жалғастыра береміз. Оның үстіне, қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Балаларды балабақшаға кезекке қою, мектепке оқуға беру – барлығы да электронды формада реттеледі. Ауыл халқының тыныс-тіршілігі үнемі назарда», — деді Нұрлан Құматаев.

Бұдан бөлек, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ракишева алдағы уақытта елді мекен жұрты Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі медициналық мекемеде ем қабылдайды деген пікірді теріске шығарды.

«Заречный ауылдық округінің тұрғындары біздің ауруханада емделеді. Сондай-ақ ауылда дәрігерлік амбулатория бар екенін естен шығармағанымыз жөн. Бізге жүгінген әр науқасқа толыққанды медициналық көмек көрсетіледі», — деді аурухана басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІІІ сессиясы өтті. Жиында Қонаев қаласы мен Алматы облысындағы ауылдық округтердің шекарасын өзгерту туралы мәселе қаралды.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда шинкиокушинкай каратэдан әлем және Азия чемпионы Мерей Суюнов өз таңдауын жасады

Еліміздің айбынын әлемдік додаларда танытып жүрген даңқты жерлесіміз Мерей Суюнов қаламыздағы Талдықорған сервис және технология колледжінде орналасқан №390 дауыс беру учаскесіне келіп, кемел келешек үшін дауыс берді. «Бүгін мен үшін
Жетісу облысы

Қаратал ауданында туған күн иелері дауыс берді

Бүгін 61 жасқа толып жатқан Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылының тұрғыны Сатай Серікбол Республикалық Референдумға өзінің сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Туған күн иесі бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл
Жетісу облысы

Балалардың құқықтарын қорғауды басымдықта нығайту: Қазақстан зорлық-зомбылықпен күресуге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде

Қазақстандағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органдардың назарында қалатынын атап өту маңызды. Қазақстан өзінің әлеуметтік-құқықтық саясаты шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басым міндеттердің бірі ретінде таниды.
Жетісу облысы

Текелі энергокешенінің жұмысшылары дауыс берді

Текелі қаласындағы № 449 дауыс беру учаскесінде «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС 17 жұмысшысы бір мезгілде күндізгі ауысым кезінде өз таңдауларын жасады. «Біз ұжымымызбен референдумда таңдау жасауға келдік. Ел өмірінде маңызы