Жаңалық

Соңғы жылдары МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызмет 7 есеге өсті

МӘМС жүйесі енгізілгелі дәрігерлердің консультациялары, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностиканың саны 7 есе артты, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

 Биыл МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 290 млрд теңгеге шарттар жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. 3 жыл ішінде бұл қызметтердің көлемі 7 есе өсті. 2019 жылы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін 18 млн консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ол 142 млн-ға жетті.

          «Пациенттер консультациялық-диагностикалық қызметтерге көп жүгінеді. Олар МӘМС бойынша бейінді дәрігерден тегін кеңес алу, талдаулар тапсыру және жолдама бойынша КТ/МРТ өтуге болатынын біледі. Азаматтардың қажеттіліктерін ескеріп, жыл сайын қызметтерге қаржы көптеп бөлінеді әрі Қормен жұмыс істеуге ниет білдірген медициналық ұйымдардың саны да артып келеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша МӘМС аясында  126,7 млрд теңгеге консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Оған зертханалық талдаулар, диагностика (УДЗ, ЭКГ, КТ/МРТ және т. б.), стоматологиялық қызметтер, жылжымалы медициналық кешендердің, жастар денсаулық орталықтарының жұмысы кіреді», – деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.

МӘМС жүйесінің негізгі міндеті – денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемін біртіндеп арттыру. Егер 2019 жылы азаматтардың медициналық қызметтерге қажеттілігіне 1,03 трлн теңге (ТМККК) бөлінсе, 2023 жылы 2,5 трлн теңгеден астам қаржы (өсім 2,5 есе) қарастырылған.

Related Posts

Жаңалық

Тоқаев Бейжіңде өзіне дәріс берген профессормен 40 жылдан соң кездесті

  Президент Бейжің лингвистикалық институтында тағылымдамадан өткен кезінде өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті.   «40 жылдан кейін білім алған университетіме келіп, өзіңізді аман-сау көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздің
Жаңалық

Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

  Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Гаухар Абылқасымова және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Данияр Өмірбеков мәлімдеді. Өңіріміз өндірісі дамыған аймақ, алайда өнеркәсіптерден шығатын
Жаңалық

Дәрігерлер тілме ауруына шалдыққан науқасты құтқарды

Алматы облысында тілме ауруына шалдыққан азамат МӘМС есебінен қажетті медициналық көмек алды. Бұл дерт – терінің жедел қабынуы. Аурудың қоздырғышы – стрептококк бактериялары. Ауру жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене
Жаңалық

Алматы облысында Қапшағай жағалауы қоқыстан тазартылды

Оған «AMANAT» партиясының 50-ге жуық мүшелері мен жастар қанаты және еріктілер қатысты. Бұдан бөлек, партиялықтар тарихи-мәдени ескерткіштерінің аумағын тазарту және абаттандыруға жұмылды. Мәселен, Жамбыл ауданы Қарасу ауылында 70-ке жуық азамат