Жаңалық

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді

 

Алматы облысында өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде орын алатыны анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханұлы осы мәселе бойынша пікір білдіріп, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
Спикердің айтуынша, электр жабдықтары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тұрмыстық газды дұрыс тұтынбау сияқты қарапайым қателіктер жиі өрт оқиғаларына әкеп соғады. Жылыту маусымының басталуымен өңірде өрт оқиғаларының саны айтарлықтай артты. Қазіргі уақытта Алматы облысында 130 өрт тіркеліп, үш адам қаза тапқан.
Самат Кенжехан жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін де атап өтті. Ол шыршаны дұрыс орнату, гирляндаларды тек қауіпсіз пайдалану және пиротехниканы тек ашық ауада қолдану туралы тұрғындарды ескертті. Сонымен қатар, жаңа жыл мерекелерінің қуанышын қауіпсіз жағдайда тойлау үшін әрбір адам өрт қауіпсіздігіне көңіл бөлуі керек екенін айтты.
«Жаңа жыл тек қуаныш әкелуі тиіс, алайда ол үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Қысқы кезең мен жаңа жылдық мерекелерде өрт қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмауымыз қажет»,– деді Самат Кенжехан.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының жастарына жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

  Бұл жоба 35 жасқа дейінгі облыс жастарына жеңілдетілген несие арқылы баспана алуға мүмкіндік береді. Өтініштер 2024 жылдың 1-15 қазан аралығында қабылданады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы
Жаңалық

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық