News

Алматы облысында 100-ден аса ойын терминалдары жойылды

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрғындарды құмар ойын бизнесімен күреске шақырады, деп хабарлайды Алматы облысы Өңірілік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасында заңнамасына сәйкес ойын бизнесі объектілері Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасуы тиіс. Сонымен қатар, ел аумағында тек «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотерея операторы «Lotomatic» және «Lotoclub»логотипі белгіленген сары-көк түсті терминалдары арқылы ұтыс ойындарын өткізуге құқылы.
Соңғы уақыттарда ойын автоматтарының кең таралуына, көптеген онлайн-казинолардың, букмекерлік кеңселердің пайда болуына байланысты проблеманың ауқымы кеңейе түсті.
Алматы облыстық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралевтің сөзінше, бүгінде ойын бизнесінің заңсыз объектілерімен жоспарлы күрес жүргізіліп жатыр.Нәтижесінде, облыста 2022 жылдан бері 50-ге жуық заңсыз ойын мекемелері мен 100-ден астам ойын терминалдары жойылған. Бұдан өзге, покер үстелдері мен компьютерлер заңсыз айналымнан алынған.

«Құмар ойындардан келетін қауіптің орасан көп екені талай айтылып жүр.Заңсыз ойынмен жұртшылықтың бірлескен күш-жігермен, оның ішінде профилактикалық іс-шара жүргізу арқылы күресу қажет»-деді Данияр Қыдыралиев.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз ойын бизнесі туралы қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына – 1458 немесе «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарласаңыз болады!