Жаңалық

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

 

Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 23%-ға азайған. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алған. Биыл 305 оқиға тіркеліп, 11 адам қаза тапқан. Өрттердің негізгі себептері: электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, тұрмыстық техникаларды қолданудағы қателіктер және пештерді орнату мен пайдалану кезіндегі бұзушылықтар.

Департамент өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды алдын алу шараларын жүргізуде. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылып, 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында 3743 үйге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 459 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталып, оның 409-ы сол жерде жойылды.

Жылыту маусымында 855 үйге 664 көміртегі тотығын анықтайтын датчик пен 191 түтін детекторы орнату жоспарланған.

«Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алдын алу шараларын күшейтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырудамыз,» – деді Самат Кенжехан.

Жылыту маусымы кезінде тұрғындар пештер мен түтін мұржаларын үнемі тазалап, техникалық жағдайын тексеріп отыруы тиіс деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жылыту мауысы кезінде 224 өрт оқиғасы тіркелген

Төтенше жағдайлардың көпшілігі жылыту маусымы кезінде жеке тұрғын үйлерде орын алатыны белгілі болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
Жаңалық

Ойлы-шұңқыр жолдан мезі болдық – Қонаев қаласының тұрғындары шағымданды

Қонаевтағы Сейфуллин көшесінде құрылыс жұмыстары жасалып жатқанына жарты жылдың жүзі болды. Жоба бойынша жол кеңейтіліп, абаттандырылып, тротуары мен вело-жүргізушілер жолы салынып, аялдамалары қойылуы қажет. Қазан айында жолға асфальт төселіп бітуі
Жаңалық

Алматыда жылыту маусымы басталды

Алматыда әлеуметтік нысандарға бүгіннен бастап жылу беріле бастады. «Алматы жылу желілері» мекемесінен мәлім еткендей, медицина, білім мекемелері мен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу беріледі. «Бірінші кезекте
Жаңалық

Қонаевта ішімдікті заңсыз сатқандарға айыппұл салынды

Бүгін қалалық кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары бизнес орындарына рейд жүргізді. Нәтижесінде Жамбыл көшесінде орналасқан дүңгіршекте алкоголь өнімдері заңсыз саудаланғаны анықталды. Кәсіпкерге қолданыстағы Заңның шеңберінде хаттама