Без рубрики

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Облыс прокуратурасы мен Полиция департаменті,әкімдікпен және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп арнайы топ құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ақпараттық алаңында Алматы облысы прокурорының көмекшісі Бауыржан Бимолданов баяндады.
Спикердің айтуынша , аталған топтың басты мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және оның алдын алу.

«Мобильдік топтармен бір айдан астам уақытта 869 отбасы тексерілді, оның ішінде 284 полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар. Сондай-ақ тізімде тұрмысы қолайсыз немесе толық емес 254 отбасы тіркелді. Жоба шеңберінде 8 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 73 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып ,жауапсыз ата-аналардан 27 бала тартып алынды .Әр отбасыда бізбен әзірленген тексеру парағы толтырылып отыр, оған вакцинациядан бастап, тұрғын-үйге кезекке қоюға дейін баланың барлық құқықтары қосылды»,-дейді Бауыржан Бимолданов

Бұдан басқа, жобаға жауаптылар 112 отбасыға материалдық көмек көрсетті. Атап айтсақ, тұрғын-үйге кезегіне 152 бала қойылып, 2 отбасыға тұрғын-үй алуға көмек көрсетті. Медициналық тексеруден 918 бала өтті, оның ішінде 25 бала ауруханаға жатқызылды.
Профилактикалық іс шараларды жүргізу барысында білім беру мекемелерінде буллинг, есірткі, спирттік ішімдіктер тақырыбында дәрістер өткізіліп, кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау үшін арнайы QR-кодты қолдану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, балаларға қатысты құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы +7-777-012-35-91 нөмірі немесе almaty_obl_prok «Instagram» парақшасы арқылы хабарлауға болады.