25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Алматы облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Жалпы 20-дан астам адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды. Қоғамдық-саяси жұмыстарда қажырлы қызмет атқарып, еңбектері еленген азаматтарды Қуат Байғоджаев құттықтап, марапаттарды табыстады.
«Республика күні – айтулы даталардың бірі. Дәл осы күні еліміздің Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған. Бұл шешімге сәйкес егемендігімізді мәлім ететін жеке территориямыз бен азаматтығымыз, мемлекеттік бюджетіміз бен халықаралық қатынастардағы дербестігіміз және мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Жақында Ел Президентінің Жарлығымен бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, қайта жаңғырды. Осынау мерекелі күн сәтінде сый-құрметке ие болған жандарды шын жүректен құттықтаймын. «AMANAT» партиясы өз кәсібінің білікті мамандарын, еліміздің өркендеуіне, қарыштап дамуына үлес қосқан азаматтарын елеусіз қалдырған емес. Өз салаларыңыздың үздігі атануларыңызға тілектеспін!», – деді филиал төрағасы.