Жаңалық

Алматы облысында «Жаңару күні» атап өтілді

⚡Бүгін «Жаңару күні» атап өтілуде

⚜️Ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін бұл күн – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастап, елдің жаңа саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау.
?Наурызнама онкүндігінің аясындағы осы бір шуақты мерекеде, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының орталық саябағына келіп ағаш отырғызу акциясына қатысты. Игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі көппен бірге ағаш көшеттерін егіп, бұл бастаманың мәні зор екенін, көгалдандыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді. Әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін айтты.
Алматы облысы бойынша бүгінгі өткен сенбілікке 25545 адам қатысып 15850 түп ағаш отырғызылды.

Олардың ішінде;
• Балқаш ауданы 1800 адам қатысып 900 түп ағаш
• Еңбекшіқазақ ауданы 7600 адам қатысып 5300 түп ағаш
• Жамбыл ауданы 7748 адам қатысып 300 түп ағаш
• Іле ауданы 3830 адам қатысып 420 түп ағаш
• Қарасай ауданы 800 адам қатысып 330 түп ағаш
• Талғар ауданы 1250 адам қатысып 5900 түп ағаш
• Ұйғыр ауданы 920 адам қатысып 2200 түп ағаш
• Қонаев қаласы 1200 адам қатысып 500 түп ағаш екті

Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.
«Жаңару» күні барша қазақстандықтарды, еліміздің ұлттық мүддесі мен рухани құндылықтарын сақтап, ұлы мұраттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға шақырады

Related Posts

Жаңалық

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары 27 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 52 900 адамның 49 608 егілді, қамту 93,8% жетті. Бүгінде қызылша бойынша жағдай тұрақты бақылауда, эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Жаңалық

Қонаев қаласында такси жүргізушілеріне МӘМС жүйесі кеңінен түсіндірілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды іске қосылғанына биыл төртінші жыл. Жүйенің тиімділігі, оның мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасып келеді. ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиал өкілдері Қонаевтағы «Достар»
Жаңалық

Қауіпсіз ойыншықты қалай таңдау керек?

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Яғни, ересектер мен балалар үшін сыйлықтар табысталар уақыт таяп келеді. Осы орайда, ойыншық сатып алмас бұрын оның қауіпсіздігіне аса мән берген жөн. Жалпы, балалар ойыншықтарының