Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясын өткізді.
Ақсу ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 28 млрд 42 млн теңгеге жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 53,7 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқаны аяқталып, 82 мың тонна қант қызылшасы, 28 мың тонна бидай, 33,6 мың тонна соя және басқа да өнімдер жиналды. Қант қызылшасы 2 200 гектар жерге егілді, 82 мың тонна өнім алынды. Барлығы Ақсу қант зауытына өңдеуге жіберілді. Қыркүйек айынан бастап зауыт 346 мың тонна шикізат қабылдады.
Ақсу ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұ-мыстары белсенді түрде жүргізілуде. Жоспарланған 15 мың гектардың 13,4 мың гектары қайтарылды.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобасы шеңберінде 3 ауылда мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 3 жоба да өтпелі 2025 жылы толық аяқталады.
Қаңтар-қазан айларында 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша 13,5 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған.
«Шағын және орта кәсіпкерлікте 4 009 субъект жұмыс істейді. Олар 6 126 адамды жұмыспен қамтып отыр, бұл ауданның экономикалық белсенді халқының 30,7 пайызы», – деп атап өтті аудан әкімі.