Ел тарихында азаттығымызды айшықтай түсетін ең қастерлі мереке 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Үшарал қаласында орналасқан Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, аудандық З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде желтоқсан ардагерлері мен куәгерлерімен аудан әкімі А.Абдинов арнайы мерекелік қабылдау өткізді. Қабылдауда қонақтар үшін аудандық орталық кітапхана ұжымының «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Сонымен бірге, шара соңында аудан әкімі А.Абдинов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етіп, өз үлестерін қосып жүрген желтоқсан ардагерлерді марапаттап, алғыс хат табыстады.