Жетісу облысыҚоғам

Биыл Балпық би кентінде 50 тұрғын үй салынады

Бұл туралы Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтты. Бірінші тоқсанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын айтатын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім байқалады.

Ауданда басымдық  –  қант өндіру. Ауданда  қант зауыты 1932 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2018-2021 жылдар аралығында кәсіпорын жаңғыртудың екі  кезеңінен өтті. Енді ол жыл бойы жұмыс істеп, өңірдегі  барлық қызылша өсіретін шаруалардың қант қызылшасын ғана емес, қант қамысын да өңдейтін болады. Осылайша,  кәсіпорын  жылына 250 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қабілетті.

«Өнеркәсіп саласында 1 ірі 3 орта кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді. Көксу қант зауыты ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қант қамысы өндірісін бастады. Барлығы 15 мың тонна қант қамысын өңдеу жоспарлануда. Қазір тәулігіне 300 тоннаға жуық өнім шығарылады. Шағын кәсіпкерлік те жақсы дамып келеді. «Кеңдала» және «Агробизнес» несиелік бағдарламалары бойынша шамамен 145 млн.теңге сомаға жеңілдікті кредиттер бөлінді», — деді аудан әкімі.

Жыл сайын ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында елді мекендерді абаттандыру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қазір Жетісу облысында өңірді  газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, бір  ғана Көксу ауданында 12 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Аудан  әкімі тұрғын үй құрылысының қарқынды жүріп жатқанын ерекше  атап өтті. Сондай-ақ инвесторлар  кезекте  тұрғандар  үшін  тағы 50 тұрғын үй салады.

Көксу өңірінің тұрғындарын ерекше алаңдататын жайылымдық және егістік жерлердің тапшылығы. Осыған байланысты жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан және мақсатсыз пайдаланылған 1770 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл соңына дейін тағы 5230 гектар жер қайтарылады», — деп қорытындылады спикер.

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

МЦПС «Хоргос» внедряет меры по цифровизации таможенных операций

Департамент государственных доходов по области Жетісу запустил пилотный проект по внедрению информационной системы «Таможня» для регистрации и контроля перевозки товаров физическими лицами на таможенном посту МЦПС «Хоргос». Система разработана на
Жетісу облысы

Мобильді ақша аударымдарының қандай санаттары тексеру критерийлеріне жатады?

Көпшілікті мазалаған сұраққа жауап беру үшін Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері егжей-тегжейлі түсініктеме берді. «Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының нормаларына сәйкес әр түрлі
Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін