Жаңалық

Мақсұт Омарбаев Талғар аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда өткен Талғар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Талғар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 6769 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 3451 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -2 .

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талғар аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 24 сайлау округі бойынша

Абылдаева Гаухар Болатханқызы үшін сайлаушылардың 404 дауысы берілді,

Омарбаев Махсут Қасымбекұлы үшін сайлаушылардың 2939 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 84;

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талғар аудандық мәслихаттың депутаты болып:

№ 24 сайлау округі бойынша – Омарбаев Махсут Қасымбекұлы, 1959 жылы туған, » Zeta» ЖШС директоры, Талғар ауданының тұрғыны сайланды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жыл сайын жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 400 мыңға жуық жағдайы тіркеледі

Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар халықтың медициналық көмекке жүгінетін себептерінің бірі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов айтты. Өңірдің бас
Жаңалық

Ойлы-шұңқыр жолдан мезі болдық – Қонаев қаласының тұрғындары шағымданды

Қонаевтағы Сейфуллин көшесінде құрылыс жұмыстары жасалып жатқанына жарты жылдың жүзі болды. Жоба бойынша жол кеңейтіліп, абаттандырылып, тротуары мен вело-жүргізушілер жолы салынып, аялдамалары қойылуы қажет. Қазан айында жолға асфальт төселіп бітуі
Жаңалық

Әдеп — мінсіз қызмет кепілі

Этикалық нормалар қызметте жүрген әр жанға ортақ. Сала мен лауазымды таңдамайтын баршаға бірдей заң жүйесі төтеншеліктерді де айналып өтпейді. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.