News

Қазақстанның қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл

Ақша қаражаттарын тиімді жұмсауды және сақталуын қамтамасыз ететін қаржылық органның жұмысы туралы Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Ермек Кыдыралиев баяндады.

Спикердің айтуынша, қазынашылық жүйе Қазақстанның қаржылық жүйесінің басты бөлігі болып отыр. Ол мемлекеттік органдардың алдына қойған міндеттерін орындау үшін кірістерді уақытылы есептеп, қаржылық ресурстармен жеткілікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ақшалай ағынның ашықтығы мен шұғыл жүргізілуін бақылайды.
Айтулы күнге орай өткен жылы Алматы қаласында бүкіләлемдік фору өтті. Қазынашылық жүйеде жұмыс жасайтын 100-ден аса мемлекеттің өкілдері қатысқан. Атап айтсақ, Сингапур, Жапония, Малайзиядан келген қазына жүйесінде істейтін мамандардан дәріс берді.
Аталмыш департамент Алматы облысында 1995 жылы 27-сәуір күні құрылған. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазынашылық өкілдері аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда жұмыс істей бастады.

«Қазіргі уақытта облыста 9 қазынашылық басқарма бар.Өңірде жалпы 131 маман еңбек етеді. Оның ішінде департамент қызметкерлері -62, аудандық басқармаларда- 69 адам жұмыс істейді. Аудандарды қосқанда қазір 662 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіледі.Басты мақсат-сапалы қызмет көрсету»,-дейді Ермек Кыдыралиев