Қонаевта 1500 ағаш егілді

By 7
1 Min Read
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Қонаев әкімі Асхат Бердіханов халықпен бірге сенбілікке шығып, Центральная көшесінің бойына ағаш егу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда бүгін 1500 ағаш егілді.

«Жасыл аймақ» акциясына қатысқандар арасында этно-мәдени бірлестіктерінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, білім беру ұйымдары, аурухана қызметкерлері болды. Сондай-ақ халық ұйымдасып, бірлесіп, «Менің аулам — менің үйім» ұранын желеулетіп, аулаларды тазартып шықты. Сонымен қатар әкімдік мамандары экология департаментімен бірлесіп, белгіленбеген орындардағы 130 тонна күл-қоқыс арнайы полигондарға шығарды. Аталған жұмысқа 16 ауыр техника жұмылдырылды. Ал мердігер компания өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлеуметтік жауапкершілік танытып, Әуезов пен Вивальди көшесінің қиылысына 2000 шаршы метр құм-тас төседі.

Кең ауқымда өткен сенбілікке барлығы 8000-ға жуық адам қатысты

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *