Жаңалық

Түнгі рейдтер мен алдын алу жұмыстары: Алматы облысында «SAQTAN» жобасы қалай жүзеге асып жатыр?

Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде ойын-сауық орындарында заң талаптарын бұзу деректері азайған

Алматы облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түнгі рейдтер барысында 175 әкімшілік хаттама толтырылып, 26 ата-анаға ескерту берілді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде ойын-сауық орындарында заң талаптарын бұзу деректері азайған.

«SAQTAN» әлеуметтік жобасы аясында тамыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған рейдтер Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Қарасай, Іле, Талғар және Жамбыл аудандарында өтті. Іс-шаралар полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді.

Рейд барысында жасөспірімдер көп жиналатын қоғамдық орындар, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары тексерілді. Негізгі назар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне, ойын-сауық орындарында болуына, сондай-ақ оларға алкоголь, темекі және вейп өнімдерінің сатылуына жол бермеуге аударылды.

Төрт айда 175 әкімшілік хаттама рәсімделді

Жоба ұйымдастырушылары ұсынған есепке сәйкес, тамыз-қараша айлары аралығында жүргізілген рейдтер нәтижесінде барлығы 175 әкімшілік хаттама толтырылған.

Атап айтқанда:

  • 79 хаттама – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне байланысты;
  • 61 хаттама – кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыру фактілері бойынша;
  • 12 хаттама – ата-аналардың бала тәрбиесіне салғырт қарауына қатысты;
  • 20 хаттама – қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша;
  • 3 хаттама – кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық фактілері бойынша рәсімделген.

Сонымен қатар бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмегені үшін 26 ата-анаға ескерту берілген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, рейдтердің басты мақсаты – әкімшілік жаза қолдану немесе ата-аналарға айыппұл салу емес, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Профилактикалық жұмыстар балалардың түнгі уақытта қараусыз қалуының, құқық бұзушылықтарға араласуының және зиянды әдеттерге бой алдыруының алдын алуға бағытталған.

Осыған байланысты рейдтер кезінде жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ойын-сауық орындарының әкімшіліктеріне заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.

Фото: PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ

Ойын-сауық орындарында заң бұзу деректері азайған

«SAQTAN» әлеуметтік жобасының жетекшісі Әділет Айтқазының айтуынша, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде ойын-сауық орындары әкімшіліктерінің кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі арта бастаған.

«Біз байқаған оң өзгерістердің бірі – 2025 жылмен салыстырғанда биыл ойын-сауық орталықтарында заң талаптарын бұза отырып жүрген кәмелетке толмағандар санының азаюы. Бұл – жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп есептейміз. Қазіргі таңда ойын-сауық орындарының басшылары мен әкімшілері де өз жауапкершілігін жақсы түсініп, «Заң және тәртіп» қағидатын қолдауға басымдық беріп келеді. Олар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мекемелерде заңсыз болуына жол бермеуге көбірек көңіл бөлуде», – дейді Әділет Айтқазы.

Айта кетейік, «SAQTAN» әлеуметтік жобасы 2025 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың, суицидтің, лудоманияның, вейпингтің және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жоба аясында түнгі рейдтерден бөлек, ақпараттық-түсіндіру кездесулері, профилактикалық семинарлар, спорттық және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

«SAQTAN» әлеуметтік жобасын «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында, Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырып келеді.

Related Posts

Жаңалық

Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері

Қазіргі әлемде бәріміз тұрмыстық электронды құрылғылармен (теледидарлар, компьютерлер, микротолқынды пештер, ұялы байланыс аппараттары) қоршалғанбыз және осы құрылғылардан бөлінетін техногендік электромагниттік өрістердің теріс әсеріне ұшыраймыз. Жетісу облысының СЭБ Департаментінің бақылауында 850
Жаңалық

Қонаевтық дәрігерлер ер адамның аяғын кесуден сақтап қалды

Қонаев көпсалалы ауруханасына 1974 жылғы науқас оң жақ аяғының қатты ауырып, ісінуіне шағымдануымен келіп түскен. 50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған. Ауруханада барлық ем ТМККК шеңберінде тегін тағайындалған. Дәрігерлер
Жаңалық

Алматы облысында шалғайдағы 10 мектепке Илон Масктың SpaceX Starlink интернеті қосылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин 100 оқушыдан аспайтын шағын ауылдық мектептерге SpaceX компаниясынан интернет орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. «Біз интерпраз шешімін сатып алуға келістік.
Жаңалық

Избран председатель Алматинского областного маслихата

Единогласным голосованием 32 депутатов маслихата Алматинской области Куат Султанулы Байгоджаев избран председателем областного маслихата. Куат Султанулы отличается активной позицией и вносит огромный вклад в развитие региона и реализацию стратегических целей.