News

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның ағашқы нақтамасымен 1016 жағдай тіркеліп, оның 721 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,0%.

Айта кетерлігі ауырғандардың 79,2% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған.

Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ. Сондықтан, аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындардың вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатта Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қосымша жаппай иммундаумен облыста 46 967 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айдағы балалар 4929 2-4 жастағылар 30 715, медициналық қызметкерлер 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғындар 7746. Қосымша жаппай иммундаумен жоспарланған 52 900 адамның 88,8% қамтылды.