ҚоғамМәдениет

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы мәлімдеді.

Облыстағы аталған салаға бөлінген бюджет — 11 млрд. 694 млн. теңгені құраған. Жеке кәсіпкерлердің септігі мен  шығармашылық ынтасын арттырушы  балалар үйірмелерге электронды тіркелуіне байланысты қаржы үнемделіп, ұттық қорға 830 млн. теңге қайтарылды.

«Берілген қаржы өңірдегі бірқатар аудандарда орналасқан мәдениет үйлеріне жөндеу және жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналуда. Бүгінде Ақсу ауданы Ақсу ауылдық, Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық және Текелі қалалық мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстары өзінің сәтті мәресіне жетті. Ал Қаратал ауданы Кәлпе ауылдық мәдениет үйі және Үштөбе қаласындағы тарихи-өлкетану музейін ендігі ел қамына  пайдалануға бердік», — дейді Қуаныш Сүлейменов.

Ал келесі жылы өңірдегі 5 нысанға, яғни Екпінді, Қоянкөз, Тұрпан, Көкпекті ауылдарындағы мәдениет үйіне және М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жаңадан бой көтеретін ғимараттарға келетін болсақ, Көкөзек, Еркін ауылдарына мәдениет үйі мен Кербұлақ ауданына аудандық кітапхана бұйырмақ.

Сондай-ақ баспасөз конференция қонағы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық  және Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылдық мәдениет ошағы 2024 жылы өз құрылысын аяқтайтынын жеткізді.

«2024 жылы Мұхамеджан Тынышбаевтың 145, Жәлменде Пышанның 140, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұстафа Шоқайдың 135, Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллинның, Бейімбет Майлинның, Тұрар Рысқұловтың 130, Қаныш Сәтпаевтың 125, Әбілхан Қастеевтің, Әлкей Марғұланның 120, Шәкен Аймановтың 110, Бердібек Соқпақбаевтың, Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойлары аталып өтіледі. Осындай біртуар тұлғаларды насихаттау мәдениет саласында басты мақсаттарымыздың бірі болмақ», — деді спикер.

Сонымен қатар Қуаныш Сұлтанұлы келесі жылы мәдениет күнін кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізетінін баяндады.

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру барысында 2023-2024 жылдары қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 6 млрд теңге бөлінді. Оның  ішінде
Жетісу облысы

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында тұңғыш 3D Fantasy ертегі

14-17 мамыр аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына балаларға арналған 3D Fantasy «Алтын сақа» ертегісінің премьерасы көрерменге жол тартпақ! Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет
Қоғам

Жетісу облысында 500-ге жуық  пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

Терезе жақтауын жаңа жыл қаққанда аспан аясы түр-түсті от шашуға толары мәлім. Жұрт жаппай алып, мерекенің мәйегі іспеттес қылған бұл құралдың адам өміріне зиян тұстары да аз емес. Сол себепті 
Жетісу облысы

«ҚОШТАСАТЫН БОЛСАҚ НЕГЕ КЕЗДЕСЕМІЗ?» Талдықорған драма театрында кезекті премьера сахналанды

Бикен  Римова атындағы Талдықорған драма театрында Александр  Володиннің  «Қоштасқым  келмейді» пьесасының желісімен  «Кездесу мен қоштасу» қойылымының премьерасы өтті. Спектакльдің қоюшы-режиссері  –  Алмат Шарипов. Қоюшы суретшісі  – Жанат  Дүйсенбаев  және костюм