Без рубрики

Бір көше – бір таңдау: Шеңгелдіде 100-ден астам тұрғын таңертең бірге дауыс берді

Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, таңғы сағат 8:00-де №956 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік пен азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісіне айналды.

Қазақстан көшесінің тұрғындары қатарында «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі, көпбалалы ана Альфия Долданова да өз таңдауын жасады.

«Бүгін біз бір көше болып, бірге келіп дауыс бердік. Бұл – біздің ел болашағына бейжай қарамайтынымыздың белгісі. Әр азаматтың таңдауы маңызды деп ойлаймын. Балаларымыздың болашағы жарқын, еліміз тыныш әрі берекелі болсын», – деді Альфия Долданова.

Қазақстан көшесінің тұрғындары үшін таңғы дауыс беру ерекше атмосферада өтті. Үлкендермен қатар жастар мен отбасылар да белсенділік танытып, сайлауға азаматтық жауапкершілікпен қатысып отыр.

Айта кетейік, Шеңгелді ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 5361-ді құрап отыр.

Related Posts

Без рубрики

Қонаевта 92 жастағы кейуана үйден дауыс берді

Қонаев қаласының тұрғыны Ұлжан Дәрібаева 1934 жылы тамыз айының 22 жұлдызында дүниеге келген. Күні кеше туған күнін тойлаған кейуана бүгін үйінен таңдау жасап, Құрылтай сайлауында белсенділік танытты. «Біз ҰОС кезеңін
Без рубрики

Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі

Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі. Суретші №949 сайлау учаскесіне