ҚоғамҚұқық

Жетісу облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық саны алдыңғы жылға қарағанда 2 есеге көбейген

Қазіргі таңда әлеуметтік желіні жаулаған жағымсыз жаңалықтар өршуде. Солардың бірі күні бүгінге дейін шешімін таппаған тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі. Жетісу өңірінің өзінде «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» заңның 73-бабына сәйкес, нақтырақ отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайған. Яғни былтырғы жылда үйдегі әлімжеттік саны 393 болса, соңғы 10 айда 732-ге жеткен. Аталған баптың бірінші тармағына сәйкес 2022 жылы 307, ал 2023 жылы 413 оқиға орын алған. Дәл солай 73-2 (ұрып-соғу) бабын бұзушылар саны 379 дан 469 ға дейін көтерілген.  

Мемлекет басшысы бұндай оқиғалардан кейін заңдылықтың сақталуын, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениеті деңгейін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Аталған заңсыздықтардың негізінде облыста 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Бұл жайлы Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Байкенов Жасұлан Құдайбергенұлы баяндады.

«Отбасылық жанжал үшін құқықбұзушының жауапкершілігі күшейтіледі. Бірінші кезекте, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу «арыздану» сипатынан «анықтауға» көшіріледі. Атап айтқанда, жәбірленуші тұлға арыз жазудан бас тарса да әкімшілік іс қозғаймыз. Яғни, заңсыздық бойынша хаттама толтыру үшін оқиға болған жерді қарап тексеріп, жәбірленушіден түсініктеме алып, куәлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының сондай-ақ полицейдің бейнетіркегішінің жазбасы жеткілікті. Қос тараптың қайта қосылуына келсек, енді сот тек бір рет қана татуласуға мүмкіндік береді, қайталған жағдайда агрессор жауапқа тартылады», — дейді спикер.

Сондай-ақ үйдегі ушыққан жанжал үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп, қамауға алу мерзімдері ұзарды. Зәбірленушіге ауыр және орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтірілсе 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Отбасындағы заңсыздық бойынша  агрессорға ескерту немесе 5 тәулікке қамау қарастырылған. Егерде заң бұзушы 1 жыл ішінде әрекетін қайталайтын болса бірден 10 тәулікке қамалады. Зәбірленушіні ұрып соққан жағдайда – 10, екінші мәрте қол көтерсе – 20 тәулік  қамауға алынады. Денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін – 15, әрекетін қайта жалғастырған жағдайда – 25 тәулік темір тор ішінде болады. 

Сонымен қатар спикер баяндамасында балалар қауіпсіздігіне де тоқталып өтті. Бейбітшілік кезінде көлік астында балалардың қаза табуы алаңдататынын, ата аналарға жасөспірім сәбилеріне бей-жай қарамай қадағалауын өтінді. 

Related Posts

Қоғам

Елтаңбамыздың жаңа көзқарасқа ие болуы қажет — депутат

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың еліміз үшін орны ерек. Ұлттық құрылтай – азаматтардың ұсыныс-пікірлерін айтатын ашық алаңға айналып келеді. Президент күн тәртібінде белең алып отырған бірқатар келелі мәселелерді шешудің оң бағыттарын
Қоғам

Бұл қаржылық пирамида ма, жоқ па?

Жыл жылжыған сайын қаржылық пирамидалар да көбейіп, халық қалтасын қағып келеді. Тек бір мысал ретінде, биылғы жылы Q-net компанисынан Жетісу өңірінің тұрғыны 3,8 миллион теңге шығынға батқан. Осындай алаяқтықтың кезекті
Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық
Қоғам

Жетісудағы «Азаматтарға арналған үкімет» миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

2018 жылдың мамыр айында халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, жер кадастры ғылыми-өндірістік және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтары біріктіріліп, ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта