Қоғам

Қарасай ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Қарасай аудандық «AMANAT» партиясында «Құқықтық көмек» жобасы аясында жекеше нотариус, заңгер, адвокат, жеке сот орындаушысы және медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізді.

Өткен қабылдауға Қаскелең қаласы, Шамалған, Кемертоған ауылдарының тұрғындары қатысты. Аудан тұрғындары өздерінің толғандырған сұрақтарын қойды. Олар ажырасу мәселесі, алимент, қандас құжат рәсімдеу, несие мәселелері бойынша бірқатар сұрақтарымен келді.

Қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Несие мәселесі бойынша медиатор тарапынан аудан тұрғынына алдағы уақытта толықтай құқықтық көмек көрсетілетін болады.

Қабылдау соңында, азаматтарға Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қолдау болған «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Related Posts

Қоғам

Алматы облысында алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күні.  Бұл, аумалы-төкпелі заманда қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың дархан халыққа білдірер ізгі ниеті мен ілтипатының  негізі болған күн. Аталмыш мереке елімізде қатарынан
Жетісу облысы

Қаратал ауданында газдандыру бойынша 58 % жұмыс көлемі орындалды

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде Қаратал ауданының әкімі Ұлан Әлдибекұлы мәлімдеді. Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 19-ы газдандыруға жатады. Жоспарланған 19 елді мекенді газдандыру нәтижесінде 2025 жылы ауданның 39
Жетісу облысы

Жер сілкінісіне қарсы әрекет ету үшін сейсмикалық жаттығулар жоспарлануда

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес биылғы жылдың 3-4 маусымы аралығында ел аумағында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында оқу-жаттығуға басшылық етудің республикалық штабымен бірге «Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда.
Қоғам

Текелілік бүркітші Бүркітбай Файзулла өз дауысын берді

№445 дауыс беру учаскесіне құмай тазы, бүркітімен бірге отбасын ала келген текелілік бүркітші Бүркітбай ел болашағы үшін өз дауысын берді. Бүркітшілер отбасы бұл маңызды күні арнайы қазақы нақышта тігілген ұлттық