Қоғам

Шағын отбасылық жатақханалар мен хостелдер арасында өрт қауіпсіздігі бойынша өткен сынақтан жетіспеушіліктер байқалды

Өрт сөндіру  және жергілікті полиция  қызметкерлері «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 13-17 қараша аралығында облыс бойынша 36 нысанға рейд жүргізілді. Айта кету керек, олардың жартысына жуығында адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өрт қауіпсіздігінің әртүрлі белгілері анықталған. Тексерушілер ең алдымен не нәрсеге назар аударды? Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» ақпараттық алаңында Жетісу облысы ТЖД мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Огай мен Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері,  облыстық азаматтық қорғау аға лейтенанты Еламан Әубәкіров хабарлады. 

«Рейдтік іс-шаралар барысында 18 заң бұзушылық анықталды. Олар көбіне уақытша жалға беріліп отырған пәтерлерде орын алып отыр. Мысалы, электр желілерін монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, апатты баспалдақтардың шығу жолдарын жабу, белгіленбеген жерлерде темекі шегу болып табылады. Әзірге айыппұл салынған жоқ, бірақ аз отбасылардағы пәтер иелеріне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс хаттар берілді. Сонымен қатар, жатақхана тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын білу және сақтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді», — деді Сергей Огай.

Өз баяндамасында аға лейтенант Еламан Әубәкіров тексеріс кезінде көпқабатты үйлерде газ баллондарын пайдаланып жүрген тұрғындар да анықталғанын атап өтті .

«Қазіргі уақытта Жетісу облысының әкімдігіне хат жолданды. Аудандағы қанша тұрғын үй газ баллондарын пайдаланып жатқанын тексереміз. Біз өз тарапымыздан осы үйлердің тұрғындарымен үгіт-насихат шараларын жүргізіп, көпқабатты үйлерде, 2 қабаттан жоғары газ баллонын пайдалануға болмайтынын түсіндірудеміз. Осы заңбұзушылықтардың алдын алу үшін жергілікті атқарушы органмен де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деп қосты екінші спикер.

Жалпы, негізгі ережелерді сақтамау салдарынан жыл басынан бері өңірде 330 өрт оқиғасы орын алған. Оның 70 пайызынан астамы тұрғын үй секторынан байқалды.

Related Posts

Жетісу облысы

Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында «Қазақтың тойы бітпесін» спектаклінің премьерасы өтті

Күні кеше Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында осы жылдың кезекті премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Жәнібек Әлікеннің «Күйеу бала» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Қазақтың тойы бітпесін» қойылымы өзіндік жаңашылдығымен көзіқарақты көрерменнің
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары
Қоғам

Жетісу облысында 500-ге жуық  пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

Терезе жақтауын жаңа жыл қаққанда аспан аясы түр-түсті от шашуға толары мәлім. Жұрт жаппай алып, мерекенің мәйегі іспеттес қылған бұл құралдың адам өміріне зиян тұстары да аз емес. Сол себепті 
Қоғам

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да