Жаңалық

Алматы облысында емханаға тіркеу аяқталды

Биыл тіркелу науқаны аясында Алматы облысының 97 мыңнан астам тұрғыны емханаларын ауыстырды

.Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Оңғарсын Байұзақов пен “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” облыстық филиалыны директорының орынбасары Алимбек Тажеков мәлімдеді.

Еске сала кетейік, елімізде қыркүйектің 15-і мен қарашаның 15-і аралығында жыл сайынғы емханаларға тіркелу науқаны өтті.

“Қазіргі таңда өңірде 444 денсаулық сақтау нысаны бар. Ал, тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 358 нысан көрсетеді. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру процесіне халықты тарту және тиімді кері байланыс, тұрғындармен жұмыс жобалары іске қосылды”,-дейді Оңғарсын Байұзақов.

Науқан барысында 97 943 облыс тұрғыны емхана ауыстырды. Қазіргі таңда облыс бойынша емханаға тіркелген азаматтардың саны 1581 884 адам.

“Азаматтардың емхана ауыстыру құқығы дәстүрлі науқанмен шектелмейді. Заң бойынша емхананы тұрғылықты мекен жайын, жұмысын немесе оқу орнын ауыстырғанда, басқа жаққа қоныс аударғанда, тіркелу емханасы қайта құрылып немесе қызмет көрсетуді тоқтатқанда да ауыстыруға болады. Сонымен қатар, жылына 1 рет еркін таңдау бойынша тіркелу құқығы әр азаматта бар”,-дейді Алимбек Тажеков.

Айта кетейік, облыс бойынша бүгінгі таңда 354 мемлекеттік және 90 жекеменшік емхана бар.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында экотуризм дамуда

Алматы облысы Қазақстанның табиғаты ең көрікті өңірлерінің бірі ретінде экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл туралы туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентеміров
Жаңалық

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады

2024 жылдың 24–30 қарашасы аралығында Алматы тағы да мәдениеттер, дәстүрлер мен жаңашыл идеялар тоғысқан орынға айналады. Орталық Азиядағы ең ірі XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен режиссерлер, актерлер, сценаристер мен
Жаңалық

Алматы облысында 10 мың тоннаға жуық инертті материал әзірленді

  Алматы облысында қар басу, қар көшкіні, көктайғақ және жол-көлік апаттарына қарсы арнайы дайындық шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Дінмұхамет Құсайынұлы баспасөз мәслихатында