Жаңалық

Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдау басталды

Жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін танылған 14-35 жас аралығындағы жастарға ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2023» жастар сыйлығын өткізу жоспарлануда.
Қатысу шарттары мен ережелерін баспасөз мәслихаты барысында жастар ресурстық орталығы директорының м.а Досалы Балжан баяндады.

Жастар сыйлығы 15 номинация бойынша өткізіледі және құжаттар белгіленген ережелерге сәйкес 5 желтоқсанға дейін қабылданады.
Сондай-ақ спикер 3 миллион теңге көлеміндегі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алудың шарттарына тоқталды. Грант конкурсы ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және БАҚ 5 бағыт бойынша өтеді. Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастарды және олардың жаңа бастамаларына мемлекеттік қолдау білдіру.Өтінімдер мемлекеттік және орыс тілінде 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 20 желтоқсанына дейін қабылданады

.
«Соңғы уақытта өңір жастарына көңіл бөлу, оларды барынша жан-жақты қолдау ісі ерекше қарқын алды. Үміткер сыйлыққа ұсынылу үшін белсенді, білімді, креативті ойлайтын облыс тұрғыны болуы қажет деді,»-Балжан Досалы

Айта кету керек, өтінім құжаттары баспа түрінде ұсынылуы тиіс. «Заңғар-2023» сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты туралы толық ақпаратты облыстық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640
Жаңалық

Жетісу облысында ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі

Елімізде 25 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Жетісу облысында бірқатар іс-шара атқарылмақ. Аудан, қалаларда туған жерінің көркеюіне үлес қосқан тұлғаларға «Құрметті азамат»
Жаңалық

Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгінде Алматы облысында халық саны 1 млн. 540 мың 600 адамды құрайды, соның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейін жастар саны 426 117 адамды құрайды. Аймақта жастарды жұмыспен қамту, NEET
Жаңалық

Алматы облысында «бір күндік клиника» жобасы бастау алды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталған