Жаңалық

Қонаев қаласында 982 бала қызылшаға қарсы екпе алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Қонаев қалалық ауруханасының эпидемиолог-дәрігері Ерлан Саржанов айтты.
Эпидемиолог-дәргердің айтуынша облыс орталығында жыл басынан бері қызылша ауруының 157 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 19 адам амбулаториялық ем қабылдаса , 138-і жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған.
Қызылша ауруы ең алдымен асқынулармен қауіпті.Көбінесе, тыныс алу жүйесінің қабынулары жиі кездеседі: ларингит (көмейдің тарылуы мүмкін), ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), іріңді инфекцияның қосылуы өкпенің қабынуына (пневмония) себеп болуы мүмкін. Ең ауыр асқынулар – бұл жүйке жүйесінің асқынулары (панэнцефалит, энцефалит, менингит).
Дәрігердің сөзінше, кез келген аурудың алдын алу үшін екпе алу керек. Қазіргі таңда Қонаевта балаларды қосымша иммундау жүріп жатыр. Оның ішіне 6 айдан 11 айға дейінгі, 2-5 жас аралығындағы балалар кіреді. Бұдан бөлек, қызылшаға жоспарлы егу (1-6 жас аралығы) жүргізілуде. Қосымша иммундау бойынша осы уақытқа дейін 982 бала екпе алған.

«Ауру белгілері пайда болғанда оқшауланып, дәрігерге қаралу керек .Вакцина алғаннан кейін де қызылшамен ауру жағдайы болуы мүмкін. Бірақ, егілген бала ауырса да, ауру жеңіл түрде өтеді, мұндайда бөртпелер бірен-сараң немесе болмауы да мүмкін. Иммунитет түзілуі үшін кем дегенде 2-3 апта уақыт қажет. Осындай жағдайларда асқыну қауіпі төмен, себебі вакцина 95% қорғаныс береді.Сондықтан медициналық шектеулеріңіз болмаса, белсенділік танытып, егілуге шақырамын»,-деді Ерлан Саржанов

Айта кетейік, «Қызылша – жедел ағымды жүретін, ауа – тамшылы жолмен жұғатын вирусты жұқпалы ауру

Related Posts

Жаңалық

72 000 туристов за полгода: Алматинская область — магнит для путешественников

Алматинская область настоящий райский уголок с живописными ландшафтами, яркими достопримечательностями и сакральными места привлекает все больше туристов. За последние полгода регион посетило более 72 тысяч человек. Туристов манит не только
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1266 жағдай тіркеліп, оның 904 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі
Жаңалық

«Наурыз» мерекесі қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу

Наурыз мерекесі қарсаңында тамақтан улану және алдын алу шаралары туралы өзекті тақырыпты тарқатсақ. Тамақтан улану – патогендік микроорганизмдермен немесе олардың токсиндерімен жаппай ластанған тағамды жеу нәтижесінде пайда болатын жедел ауру.
Жаңалық

Дәрігерлер пышақ жарақатынан 1,5 литр қан жоғалтқан жасты құтқарды

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы белгісіз біреулердің қолынан пышақ жарақатын алған жас ер адамды жеткізді. Ол шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа іш қуысының жарақаты және сол