Жаңалық

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артып отыр. Өткен жылғы эпидкезеңмен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. ЖРВИ-мен 14 жасқа дейінгі балалар жиі сырқаттанады. Олар 68,2%.

 

«ЖРВИ мен тұмаудың 2023-2024жж. эпидемиялық маусымында Жетісу облысында ЖРВИ-ның 60 218 жағдайы тіркелді.100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 8927,8. Ал, тұмау жұқпасының зертханалық дәлелденген 57 жағдайы тіркелді, барлығы тұмаудың А тобы»,- деп атап өтті Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

 

Тұмаумен сырқаттанушылық жеңіл немесе ауыр өтеді. Кей жағдайда  өлімге де әкелуі мүмкін. Тұмау вирустары сыртқа ортада, әсіресе, халық көп жиналатын орындарда тез таралады. Тұмаудың асқынулар өте қауіпті. Тұмаудың ауыр жағдайында жүрек-қантамырлар жүйесіне, тыныс алу мүшелеріне және орталық жүйке жүйесіне қайтымсыз зақым келтіреді.

 

«Бүгінде тұмауға қарсы вакцинациялау – тұмаудан кейінгі ауыр асқынулардың алдын алудағы тиімді бағыттың бірі. Тұмауға қарсы егу арқылы сырқаттанушылықтың таралуын және өлім-жітім жағдайларының алдын алуға, тұмаудан кейінгі асқынуларды емдеуге бөлінетін қаражатты үнемдеуге болады»,- дейді Индира Саветқалиқызы.

 

Жалпы, тұмауға қарсы иммундау жұмыстары облыс бойынша қазан-қараша айларында жүргізілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен  79 918 адамға жоспарланып, егілді. Облыс халқының 12% иммундаумен қамтылды. Жұмыс берушілердің есебінен 325 адам егілді.

 

Тұмауға қарсы ақысыз иммундаумен ұйымдасқан жабық мекемелердің контингенттері, жиі ауыратын иммунитеті төмен балалар мен созылмалы аурулары бар ересек адамдар, медициналық қызметкерлер, 2-ші, 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер де қамтылды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 10 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Алматы облысының полицейлері кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, 17 қазан
Жаңалық

Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Ауданға жалпы 19,4 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, 8230 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сумен жабдықтау және газдандыру жобасы аясында газға 12 ауыл қосылды. Қалған елді мекендерді газдандыру 2025
Жаңалық

Соңғы жылдары МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызмет 7 есеге өсті

МӘМС жүйесі енгізілгелі дәрігерлердің консультациялары, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностиканың саны 7 есе артты, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.  Биыл МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 290 млрд теңгеге шарттар
Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан бері 70 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Спикердің айтуынша,өңірде жемқорлықпен күрестің қарқыны