Медицина

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері жаңа жыл мерекесінде қауіп төндіретін тағамдарды атады

Көптен күткен жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Аталмыш мерекелерді   атап өту әр отбасыға салтқа айналған. Қазіргі уақытта үй иелері үшін бұл мерекелерге дайындық қиынға соқпайды. Себебі, дүкен сөрелерінен азық-түліктің түр-түрін табуға болады. Бір өкініштісі, осындай қарбалас кезде тағамды сақтау, дайындау  және өңдеу ережелер мен тәртібі назардан тыс қалып жатады.

«Негізінен, адамның улануына себепкер болатын тағамдар (балық, ет өнімдері, қалбырдағы ет және балық, сүт өнімдері, шұжық және тағы басқалары)  дұрыс сақталмаса немесе әзірлену жолы қате болса, адам ағзасы уланады. Мұндай жағдайлар көбінесе үлкен мерекелер өткізу кезінде жиі орын алады екен. Мерекелік дастарханға ет тағамдарымен қосымша «еттің түржиыны» (пісірілген тіл, бауыр, қазы-қарта) және түрлі салаттар, тәтті тағамдар қоса беріледі», – дейді Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов.

Егер, Сіз мерекені үй жағдайында өткізіп, тамақты өзіңіз әзірлеуді шешсеңіз, төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:

  1. етті шара басталар алдында 1-2 сағаттан артық емес уақыт бұрын пісіру қажет;
  2. салқындатылған етті тоңазытқышта қақпағы жабық ыдыста немесе пакетте сақтаған дұрыс;
  3. бауырды шара өтетін күні пісіру қажет;
  4. салатқа қажетті көкөністерді кешкісін пісіріп, суытып, тоңазытқышта сақтап, шараға 2 сағат қалғанда турауға болады.
  5. дайын тағамдарды мерекелік шараның басталуына 30 минут қалғанда дастарханға қоюға болады. Кондитерлік өнімдерді тек тоңазытқышта сақтау керек және 2 күннен аспауы керек;
  6. тоңазытқышта тағамдарды бір-бірінен бөлек сақтау қажет. Кейбір тағамдарды біріктіріп сақтауға мүлдем болмайды, себебі олар бір-бірінің иісін сіңіріп алып, тез бұзылады. Шикі және қолдануға дайын немесе піскен тағамдарды бір сөреде сақтауға болмайды.

Марат Исмаиловтың айтуынша, шараларды өткізуде негізгі мәселе – тек мол дастархан жаю ғана емес, сонымен қатар, қонақтарыңыздың денсаулығына залал келтірмеу де басты мақсат екенін естен шығармауыңыз қажет.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісулық дәрігерлер екі баланың өмірін құтқарып қалды

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына 27 наурыз күні 3 жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі 4-қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер
Медицина

Эхинококкоз – адамға қауіпті гельминтоз

Эхинококкоз – созылмалы паразиттік сырқат, адамның бауыры, өкпесі мен басқада органдарда дернәсілге толы эхинококк кистасы пайда болады. Зақымдалған органдарда бір немесе бірнеше киста дамиды. Киста бірнеше жыл бойы өсіп, оның
Жетісу облысы

Жетісуда 75 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды

Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы
Медицина

Алматы облысында 1 млн 138 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген

Дені саудың-жаны сау. Ол үшін денсаулыққа аса мән беруі керек екені мәлім. Бүгінде ауырмай ем іздейтіндер үшін арнайы қор жұмыс жасайды медициналық көмектің екі түрі бар. Ол тегін медициналық көмектің