Медицина

Эхинококкоз – адамға қауіпті гельминтоз

Эхинококкоз – созылмалы паразиттік сырқат, адамның бауыры, өкпесі мен басқада органдарда дернәсілге толы эхинококк кистасы пайда болады. Зақымдалған органдарда бір немесе бірнеше киста дамиды. Киста бірнеше жыл бойы өсіп, оның айналасындағы тіндерді баса береді.

Эхинококкоз көп жылға созылады және кездейсоқ анықталады (мысалы, флюорографиялық тексеруде). Жұқтырып алған кезден бастап ең алғашқы клиникалық симптомдардың пайда болуына бірнеше айдан ондаған жылдарға дейінгі уақыт өтеді.

Паразит адамның иммунитетін төмендетіп, «ұйқыдағы»  жұқпаларды оятады, мысалы: туберкулез. Эхинококкозбен сырқаттанған адамда паразитің болу нәтижесінен аллергия, есекжем, ісіну, қышыну, әлсіздену, әлсіреу, жұмыс қабілеттілігінің төмендеу белгілері пайда болады.

Сырқаттану белгілері паразиттің орналасуына байланысты. Паразит бауырда болғанда (60% жағдай) сарғаю, оң жақ қабырғада шаншу және ауырлық сезім, бауырдың ұлғаюы белгілері болады, оң жақ қол және арқа бөлігі ауырады. Өкпеде паразит орналасса (20% жағдайда) ентігу, қанды қақырық, кеуде қуысында ауыру, кешкі мезгілде құрғақ жөтел болады және  емделуге берілмейтін жөтелден кейін ылғалды шырыш бөлінеді.

Адам паразитті жануарлардан (ит, ауылшаруашылық жануарларынан, қой, жабайы ет қоректілер), жабайы жеміс-жидекті жегенде және шөп жинағанда, гельминт жұмыртқаларымен ластанған суды тұтынғанда, мал терісін өңдеу кезінде жұқтырады.

Адамға эхинококкозды жұқтырушы ит болып табылады. Ит эхинококкозды ауылшаруашылық малдардың дернәсілімен зақымдалған бауыры мен өкпесін жегенде жұқтырады.

Ауылшаруашылық жануарларын адамдар аулаларында сойған кезде эхинококкпен зақымдалған органдарын иттеріне жеуге беріп, оларға жұқтырады. Иттің ағзасында паразит одан әрі дамып, адамға қауіп төндіреді. Иттің ішегінде дернәсілдер ересек құртқа айналады. Белгілі бір уақыттан кейін паразит иттің нәжісімен жұмыртқаларын сыртқа шығарып, қоршаған ортаны ластайды.

Эхинококкозбен ауырмас үшін не істеу керек?

  • Эхинококк жұмыртқаларының тамаққа түсуіне жол бермеу үшін итті ұстағаннан кейін қолды тиянақты жуу қажет.
  • Жуылмаған жеміс-жидек, көкшөптерді тұтынбау;
  • Жеміс-жидек, көкшөпті сумен мұқият жуып, ыстық сумен шаю;
  • Балаларға иттерді ұстауға және тығыз байланысуға жол бермеу;
  • Жеке гигиена ережелерін сақтаудан басқа, итті ұстау кезінде сақ болу;
  • Иттерді дер кезінде паразиттерге қарсы дәрілеу;
  • Үй жануарларын үйден алшақта ұстап, оларды арнайы қоршалған үйшікте немесе байлауда ұстау:
  • Қаңғыбас иттерден аулақ жүру;
  • Жануарларды арнайы сою пункттері мен алаңдарда союды жүргізу. Эхинококк кисталарының болуына жануарлардың еті мен ішектеріне ветеринариялық сараптама жүргізу.
  • Иттерді шикі ет қалдықтарымен (сойылған жануарлардың ішектерімен) тамақтандыруды болдырмау.
  • Профилактикалық мақсатта жылына бір рет мамандардың қарауынан өту (іш қуысының ультра-дыбыстық зерттеуі), бұл сырқаттануды ерте анықтау және асқынулардың болдырмаудың алдын алады.

Related Posts

Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,
Медицина

Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өнімдері туралы не білуіміз керек?

Шырындар – көбісі ұнататын жазғы сусындар. Біреулер оларды иммунитетті күшейтетін және дәрумендермен қанықтыратын пайдалы тағамдарға жатқызады, ал біреулер құрамында қант тым көп болғандықтан, мүлде бас тартуға шешім қабылдайды. Қайсысы шындық,
Жетісу облысы

Жетісу облысында адам папиллома вирусына қарсы екпе жүріп жатыр

Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрінен қорғауға бағытталған. Осындай мәліметпен Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті. Қазіргі уақытта өңірге вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы
Медицина

Темекі шегудің зияны

Темекі шегу – адам денсаулығына ең маңызды қауіптердің бірі. Темекі шегу никотинге тәуелділікке әкеліп, сіз оны қайта-қайта шеккіңіз келетін болады.  Темекі түтінінде никотиннен басқа, денсаулыққа біртіндеп зиян келтіретін шайырлар, радиоактивті