ҚоғамСпорт

Жетісу облысының спортшылары бір жылда 1760 медаль жеңіп алды

Жетісу облысының елді-мекендеріндегі 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде. 2023 жылға облыстық бюджеттен осындай тағы 14 жаңа спорт нысанын салуға 8,1 млрд. теңге бөлінді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиадалық спорт түрлері, спорт резерві және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Саят Сарқытов айтып берді.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының спортшылары барлық деңгейдегі жарыстарда 1760 медаль жеңіп алып, 602 алтын, 605 күміс және 553 қола медаліне ие болды.
«Облыста жыл басынан бері 5 халықаралық, 32 республикалық, 129 облыстық, 120 аудандық (қалалық) турнир, ауылдық жерлерде 384 іс-шара өткізілді.
2023 жылдың басынан бері 17 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 103 спорт шебері, 726 спорт шеберіне кандидат және 287 бірінші спорттық разрядты спортшы дайындалды. Қазіргі уақытта Жетісу облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жұмыс істейді. Олар Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы және Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, сондай-ақ, Ақсу ауданының Жансүгіров ауылы. Осылайша спорттық инфрақұрылым одан әрі дамитын болады», — деді Саят Сарқытов.
Облыста 25 спорт мектебі, оның ішінде 8 олимпиадалық резерв мекемесі бар. Мұнда 49 спорт түрі бойынша 22 мыңнан астам спортшы жаттығады. Оның ішінде 28 олимпиадалық және 21 олимпиадалық емес спорт түрлерімен айналысады. Сондай-ақ, аккредиттелген 50 спорт федерациясы мен 5 спорт клубы бар. Атап айтсақ, «Жастар» спорттық ойындар клубы, «Жетісу» футбол клубы, «Олимп» кәсіби регби клубы, «Жетісу» волейбол клубы, ұлттық спорт түрлері бойынша «Жетісу» спорт клубы деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Қоғам

Текелілік бүркітші Бүркітбай Файзулла өз дауысын берді

№445 дауыс беру учаскесіне құмай тазы, бүркітімен бірге отбасын ала келген текелілік бүркітші Бүркітбай ел болашағы үшін өз дауысын берді. Бүркітшілер отбасы бұл маңызды күні арнайы қазақы нақышта тігілген ұлттық
Жетісу облысы

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру жүзеге асырылуда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында Жетісу облысының әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сынмен сүйемелденетін 9 бағыт айқындалған. Бүгінде оның 8-і қамтылып, өзекті мәселелерді оңтайландыру
Қоғам

Елтаңбамыздың жаңа көзқарасқа ие болуы қажет — депутат

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың еліміз үшін орны ерек. Ұлттық құрылтай – азаматтардың ұсыныс-пікірлерін айтатын ашық алаңға айналып келеді. Президент күн тәртібінде белең алып отырған бірқатар келелі мәселелерді шешудің оң бағыттарын