Жетісу облысыҚоғам

Сарқан ауданы тұрғындарына қолайлы жағдай жасалуда

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне саялы Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев келіп, өлкенің соңғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысымен бөлісті.
«Ауданымыздың ауыл шаруашылығының өсерін молайту барысында өткен жыл басынан 128 дана техника сатып алынды. Қаңтар-қараша айларында шаруа өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 64 млрд. 333 млн. 900 мың теңгені құрады. Биылғы жылы егістік алқабымен қатар құрылыс саласына да баса мән бердік. Өлкемізде алдыңғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығында екі 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып, осы жылда қолданысқа беріледі. Бірлік ауылында 120 және Тополевка ауылында 80 оқушы білім алатын 2 мектеп салынып, бүгінде ел игілігіне жұмсалынуда. Қаладағы орталық стадион қайта жаңғыртылып, одан бөлек қыз мезгіліне арналған жабық футбол алаңы яғни Сарқан арена салынды. Аудан орталығынан тыс Қойлық, Абай, Аманбөктер, М.Төлебаев ауылдарының спорт алаңдары құрылысын аяқтады», — дейді аудан әкімі.
Іргетасы 1928 жылы қаланған өрлеулі өлкенің демалыс аймақтарына ағыл тегіл туристтер келеді. Алайда саяхаттаушы серуендемек аудан аумағына апарар жолдың сапасы төмен.
«Сарқан ауданына қарасты Тополевка ауылына шет елден және басқа өңірдегі отандастарымыз саяхаттап келіп жатады. Десе де бүгінгі таңда өлкеге барар жол өте нашар. Ауданымызда туризм саласын дамыту және келген қонақтарға қолайлы жағдай жасау үшін биылғы жылы аталған ауылға міндетті түрде сапалы авто жолын төсейміз. Сонымен қатар Бірлік ауылының басты көшесі мен балалар мектепке қатынайтын көшеге тас жолын саламыз. Халықтың ешқандай өтініші еш қалмайды.», — деді өз сөзінде Маманбаев.
Сондай-ақ спикеріміз баяндама соңында аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға арналған биылғы жылғы жоспарымен бөлісті.
«Осы жылы Балқаш көлі жағасының «Балқаш» туристік-рекреациялық аймағының инженерлік-коммуникациялық желісі салынады. «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» тас жолының құрылыс жұмыстары аяқталып, Екіаша — Аманбоктер ауылдарының арасындағы жол орташа жөндеуден өтеді. «Лепсі-Толебаева-Құрақсу-Матай» автомобиль жолындағы және М.Төлебаев – Шұбартүбек ауылдарының арасындағы көпірге толықтай құрылыс жұмыстары іске асады», — деп тәмәмдады сөзін.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен  өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам
Жетісу облысы

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

1 маусымнан бастап елімізде шомылу маусымы басталады. Осы тұста Жетісу облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері
Қоғам

AMANAT: Алматы облысында 54 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылды

Партияның «Халықпен бірге!» өңірлік сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы міндеттерінің бірі – өңір жұртшылығының табыс көзін арттыру. Сонын аясында жыл басынан бері 54 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылды, 562
Жетісу облысы

Мемлекеттік қызметшілер династиясы дауыс берді

Жанама ауылы №54 дауыс беру учаскесінде мемлекеттік қызметшілер династиясы Мұхаметқалиевтар әулеті отбасымен келіп дауыс берді. Әулеттің үлкені Оспан Мұхаметқалиев референдумға отбасымен қатысатынын айттты. «Біз әр референдумда отбасымызбен келіп дауыс беруді