Жаңалық

Балалар арасындағы өкпе қабынуы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап жатыр. Жеткіншектердің басым бөлігіне пневмония диагнозы қойылған.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының балалар бөлімінде 27 орын бар. Қазірде 20-дан аса бала ем алып жатыр. Қатарында –  Ләззат Әбдікәрімованың 2 жастағы бүлдіршіні де бар. Жас ана алдымен үй жағдайында баласын емдей бастаған. Кейін ауруы өршіп, дене қызуы көтерілген соң, ауруханаға әкелген. Тексеру нәтижесінде науқастың қос өкпесінің қабынғаны анықталыпты. Мекеме қабырғасында қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарған.

«Менің қателігім үйде емдегенім болды. Жаңа жылдың алдында ауырып бастадық. Дәрігерлерге рахмет. Бірден келген соң тексеріп, температурасы түспеген соң осында әкеліп едік», — дейді қала тұрғыны Ләззат Әбдікәрімова.

Ауруханаға түскен балалардың басым бөлігінің өкпесі қабынған. Десе де, дәрігерлер қараша, желтоқсан айларындағы көрсеткішке қарағанда, пневмонияға шалдыққан жастар саны азайып келеді.

«Тыныс алу жолдары ауруларынан бөлек, жүйке жүйесінің бұзылуы, ұлану, қанд диабеті, эпилепсия сынды дерті де балалар арасында кездесіп жатыр», — дейді Гүлсара Құмарбекова Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының инфекционист-дәрігері.

Былтыр медициналық мекеменің балалар бөлімінде 800-ден астам бала ем алған. Оларға бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі. Жеңілдік санатына кіретіндіктен жастарға жарнаны мемлекет төлейді. Биыл оның көлемі бір адамға 5862 теңгені құрап отыр.

 

Related Posts

Жаңалық

Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

  Қарасай ауданының экономикалық өсімі қарқынды түрде жалғасуда. Өндіріс көлемі 360 миллиард теңгеге жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров
Жаңалық

МӘМС: Биыл Қонаев қаласында 25 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МӘМС аясында 5000-ға тарта адам ем алған. Оның 2035-і жоспарлы түрде медициналық көмекке қол жеткізді. Мекемеде күндізгі стационарда 2 мыңнан астам тұрғын ем-дом қабылдады. Жалпы, жыл
Жаңалық

Алматы облысындағы демалыс аймақтарына санитарлық тексеріс жүргізілді

Алматы облысының демалыс орындары шомылу маусымына дайын, деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі. Жалпы, аймақта 103 су айдыны мен демалыс орыны бар. Атап айтсақ, 97-сі Қонаев қаласы және біреуі Еңбекшіқазақ пен
Жаңалық

Антикор Қарасай ауданының әкіміне 172 500 теңге айыппұл салды

Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді. Аудан әкімі Жасұлан Естенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Кезекті мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер