Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысының бірнеше тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

2004 жылы 23 қаңтарда Ескелді ауданында ауыр қаржылық қылмыс орын алды. Аталған ауданның «Қазпочта» ААҚ кассирі Гүлбану Бәзілбаева Қанат Исабаевпен сөз байласып, қызмет бабын асыра пайдаланды және зейнетақы мен жалақыға бағытталған қаражатты заңсыз пайдаланды деп айыпталған. Айыпталушы касса қорынан аса ірі сома – 22 миллион теңге ұрлаған. Қазіргі уақытта оларға халықаралық іздеу жарияланып, «Қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ербол Құрманбаев айтты.
Сондай-ақ спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматы Дәурен Төлебаевқа қатысты қосымша қылмыстық іс қозғалды. Жетісу облысы Панфилов ауданының тумасы «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттері арқылы контрабандамен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. 2007 жылдан 2011 жылға дейін әрекет еткен Төлебаев пен оның сыбайластары ауыр қылмыстар жасап, қылмыстық қоғамдастық құрған. Қазір ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүр.
Қаржылық қылмыстары үшін бұл тұлғалар халықаралық іздеуде. Іздестіріліп жатқан адамдардың орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат алынған жағдайда Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда «Мигрант» профилактикалық шарасы бойынша 249 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін 11-15-ші наурыз аралығында елімізде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс обьектілерін, базарлар мен жалдамалы жұмысшыларды пайдаланатын ұйымдарды және жұмыс берушілерді
Қоғам

Бикен Римов атындағы Талдықорған драма театры Түркіменстандағы театр фестиваліне аттанбақ

Жетісу облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 14-16  қараша   аралығында  Түркіменстанның Мәдениет министрлігі  және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында өтетін «Театральное исскуство эпохи счастья» театр  фестиваліне қатысады.
Қоғам

«Алтын Қаратал» ЖШС ұйымшыл ұжымы дауыс берді

Қаратал ауданындағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтумен айналысатын ұжымның бірі - «Алтын Қаратал» ЖШС. Ұжым қызметкерлері №166 дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып өздерінің саяси белсенділіктерін танытып, демалысқа қарамастан
Жетісу облысы

Жетісу облысы Әділет департаменті: Жыл қорытындысы және «Робот сот орындаушы» жобасын енгізу

2024 жылы Әділет департаменті шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 65-ке жуық «Құқықтық кабинетін» ашты, бұл жергілікті тұрғындар үшін құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан