Жетісу облысыҚоғам

Қызылша. ЖРВИ. Ковид. Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталды. Облыстың бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев осылай деп мәлімдеді. Егер өткен жылдың желтоқсан айында сырқаттанушылық 218 жағдай болса, биылғы жылы қаңтар айында 156-ға дейін төмендеді.

Сырқаттанушылық облыстың барлық аудандарында тіркелді. Алайда, жоғары  деңгейі Талдықорған  қаласы  мен  Алакөл және Панфилов  ауданында. Спикер атап өткендей, қызылшаның ең тиімді алдын алу жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ.

2023-2024  жылдардағы  эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-нің 118111  жағдайы  тіркелді. ЖРВИ, қызылша және ковид вирустық инфекциялар болып табылатындықтан, қоғамдық  орындарда  маска  кию ұсынылады  деп  атап  өтті  спикер.

«Ауру  әлі  де  жалғасуда. Біз қазір тұмау мен жедел вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық маусымындамыз. Қазір бұл Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда коронавирустық инфекциялардың тіркелуінің шамалы өсуімен тұспа-тұс келіп тұр. Осы  3  инфекция қатар жүріп жатқандықтан, 8 ақпанда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің медициналық маскаларды қолдану туралы №2 Қаулысы шықты. Мұнда медициналық  ұйымдарда  пациенттер  мен  келушілер  маска  киюі  тиіс. Сонымен қатар адам көп шоғырланған жерлерде бетперде кию ұсынылады.

Шектеу шаралары туралы айтатын болсақ, кейбір адамдар алаңдаушылық танытып жатыр, алайда, бізде шектеу шаралары қойылмаған. Біздің облыста коронавирустық инфекция бойынша жағдай ешқандай қауіп төндірмейді. Биыл бізде 2 жағдай, ал өткен жылы қаңтарда 47 жағдай тіркелді», — деп атап өтті Асхат Чарапиев.

Related Posts

Қоғам

Талдықорғанда барлық дауыс беру учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Таңсәріден басталып, кешке дейін жалғасқан 64 дауыс беру учаскелері дауыс берушілерді қабылдауын тоқтатты. Бұл жөнінде қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтайұлы мәлімдеді. Талдықорғандықтар үшін 64 дауыс беру учаскесі таңғы сағат
Қоғам

Алматы облысында айрықша үлгідегі кітап орталығы ашылды

Оған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев және зиялықауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.  Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың
Жетісу облысы

Жетісу облысында шетелдік көліктерді заңдастырудың нәтижесі шықты

Облыста көліктерді заңдастыру жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде E-gov электронды порталы арқылы шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы Әміре Әрін референдумда Талдықорған қаласының 397-ші сайлау учаскесіне барып дауыс берді.  “Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық