Жетісу облысыҚоғам

Жыл басынан Жетісу облысында табиғатты қорғау туралы заңнамасына қарсы 351 факт анықталды

Өңірде небәрі бір жарым айдың ішінде табиғатты қорғау туралы заңнама 351-рет бұзылған. Нәтижесінде 5 қылмыстық іс қозғалып, 346 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жайында Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының бастығы, полиция майоры Бағлан Рымжанов келіп мәлімдеді.

Мәселен, спикердің айтуынша, 1-29 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық жұмыстары өткізілуде. Іс-шара аясында аталған заңнамаға қарсы 175 факт анықталып, олар бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

«Жұмыс барысында 142 килограмм балық, 6 дана мүйіз (киік мүйізіне ұқсас), 400 метр моножіп анықталып, 9 құрал тәркіленді. 173 азаматқа 912 560 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Бағлан Рымжанов.

Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда және жалғасын табады, деп сендірді спикер.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғандағы нашар көретін адамдарға жолды кесіп өтуге жаңа құрылғы ойлап табылды

Талдықорғанда 1973-тен астам көру қабілеті нашар адамдар бар. Сол үшін жолдарды кесіп өтуді жеңілдету үшін инновациялық құрылғы әзірленді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Анар Нұрмахан бағдаршам сигналдарын дауыспен сүйемелдеудің бірегей жүйесін
Қоғам

Алматы облыстық депутаты: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Ұлттық Құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң. Бүгінгі Құрылтайда
Жетісу облысы

Қазақстанда МИКС зерттеуі төртінші рет өткізілмек

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мульти-индикаторлық  кластерлік  зерттеу  басталады. Ол  еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Бұл зерттеу осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және
Жетісу облысы

Жетісу облысында 32 мыңға жуық тұлға декларациялаудан өтті

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды. Енді жеке тұлғалар